Project Syndicate The FED

Дональд Трамптың федералдық қоры

КЕМБРИДЖ – Дональд Трамп Джером Пауэллді АҚШ Федералдық қор жүйесі кеңесінің кезекті төрағасы ретінде тағайындауы оның өз қызметінде қабылдаған ең маңызды шешімі болды. Бұл - ФҚЖ пайыздық мөлшерлеме саясатында қысқа мерзімді ізбасарлықты сақтап және реттеу саясатына қатысты қарапайым және түсінікті көзқарасты ұстанатын, ақылға қонымды таңдау.

Пауэлл қазіргі ФҚЖ төрағасы Джанет Йеллен мен оның оның алдындағы Бен Бернанке сияқты PhD докторы дәрежесі бар экономист болмаса да, ол өзінің ФҚЖ-ның «қарапайым» губернаторы болып қызмет атқарған жылдары басты мәселелерді терең зерттеген. Пауэлл басшы болған мекеме енді бүкіл жаһандық қаржы жүйесін басқаратын болады. Барлық басқа орталық банк банкирлері, қаржы министрлері, тіпті президенттер оған жете алмас.

Егер бұл тым аса айтылғандай болып көрінсе, ол тек көпшіліктің ФҚЖ істеріне күнделікті назар бөлмегендіктен болар. ФҚЖ қызметі реттелген кезде, баға тұрақтылығы қайта орнап, жұмыссыздық төмен деңгейде сақталып және өнімділік артады. Бірақ «дұрыс жұмыс жасау» әрдайым оңай емес, және ФҚЖ қателескен кезде мұның салдары өте нашар болуы мүмкін.

https://prosyn.org/At3g7OOkk