6

Италия референдумында ұтыс тігу

МИЛАН –  соңғы 68 жылда Италия 17 жалпы сайлауды және бірнеше референдумдарды өткізді. Бірақ тек үш рет итальяндық дауыс беру халықаралық назарды аударды : таңдау Батыс пен коммунизм арасында болған 1948 жылы; 1976 жылы сайлаушылар Христиан демократтар және Энри́ко Берлингуэ́рдың «Еврокоммунизмы» арасында тап осындай таңдауда болды; және қазір, конституциялық реформалар туралы алдағы референдумы.

Алдағы дауыс беру салдары зор болып табылады. Премьер-Министр Маттео Ренци дауыс беруге өзінің саяси болашағымен тәуекелге бел байлады, егер реформалар қабылданбаса, ол (әрине, бірден емес) қызмет орнын босатуға уәде берді. Мұндай нәтиже солшыл үкіметтік коалицияны әлсіретер еді: Ренцинің демократиялық партиясының (PD) өзінде реформаларға байланысты дау-күрестер жүріп жатыр. Шын мәнінде, PD дауыстың көбшілігі премьер-министрге берілсе де, бөлінуден аман қалмайды.

Ренци жеңілісі Италияның екі ірі популистік партиялар үшін жеңіс болады: Lega Nord және актер Беппе Грилло басқаратын үлкенірек Five Star қозғалысы. Екі партия одақтас болмаса да, екеуі де үкіметті қолдамай, Италияның проблемаларына қарсы  «ұлттық шешімдерді», - мысалы, итальяндық лираға қайта оралуды - жақтайды.

Егер Ренци жеңілсе, Lega Nord және Five Star қозғалысы жаңа үкіметті қолдау үшін өз күштерін біріктіріп, осы жолы евро тақырыбында жаңа референдум жасай алады. Егер Италия - әлемдегі ең ірі борышкерлердің бірі - жалғыз кетуге шешім қабылдаса, бүкіл Еуропалық жоба өлім пышақпен соққы алғандай болуы мүмкін. Дональд Трамп және Brexit заманында, бұл нәтиже мүмкіндей көрінеді.