zqureshi6_gettyimages_intellectual property Don Farrall/Getty Images

Интеллектуалдық монополия емес, интеллектуалдық меншік

ВАШИНГТОН – Бринк Линдси мен Стивен Телес жақында жазған АҚШ экономикасы туралы кітабында: “Қазіргі авторлық құқық және патент туралы заңдар интеллектуалдық меншіктен гөрі интеллектуалдық монополияға ұқсап кетті” деп жазды. Инновацияға және оның таралуына кедергі келтіретін интеллектуалдық меншікті шектен тыс қорғау әрекеттеріне қатысты пікірлер жаңалық емес. Қазір бұл ерекше маңызға ие болып келеді, себебі білім экономикалық белсенділік пен бәсекелі мүмкіндіктің шешуші қозғаушысына айналды.

Цифрлық технологиялар “материалдық емес экономиканың” қалыптасуына жол ашты, бұған ғимараттар мен машиналар сияқты материалдық активтер емес, алгоритмдер мен код тізбектері сияқты “жұмсақ” активтер кіреді. Бұл ортада интеллектуалдық меншік ережелері бизнес модельдерін құрады я құртады, қоғамды өзгертеді, себебі экономикалық игіліктердің қалай бөлінерін осылар анықтайды.

Алайда, бүгінгі интеллектуалдық меншік режимінің басты қағидалары мүлде басқа экономикаға арнап әзірленген. Мәселен, патент ережелері “қатаң қорғау бизнестің инновация жолына түсуіне мүмкіндік ашады” деген ескі ұғымға негізделген. Ал, Петра Моузер мен Хейди Уильямс және басқалар жақында жүргізген зерттеуінде патенттің инновацияны дамытуға ықпалы аз екенін дәлелдеді. Керісінше, қызметкердің мүмкіндіктерін шектеп, жаңа технологияның шығынын ұлғайтатындықтан, мұндай қорғау бұдан да жаңа, қосымша технологияның дамуына себепкер бола алмайды, оның таралуын тежеп, нарықтың бір бөлігінде жиі шоғырлануға алып келеді. Бұл монополиялық билікті арттырып, өндімділіктің өсуін баяулатты және соңғы жиырма жыл ішінде көп экономикаларда теңсіздіктің ұлғаюына себепкер болды.

https://prosyn.org/FpUZlBPkk