A person sits next to an experimental vaccine against the AIDS Mujahid Sagodien/Getty Images

XXI ғасырдың экономикасындағы зияткерлік меншік

НЬЮ-ЙОРК – Оңтүстік Африка Республикасының үкіметі 1997 жылы АИТВ / ЖИТС-ті емдеуге арналған дженерик дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету үшін өздерінің заңдарына өзгерістер енгізуге тырысқан кезде, бүкіл әлемдік фармацевтикалық индустрияның заңды күштері осы елге бас салып, оны енгізуді кешіктіріп, көптеген адамдардың өмірін қиды. Оңтүстік Африка ақырында сотта осы істі жеңіп алды, бірақ үкімет жақсы бір сабақты да ұғынғандай: бұдан кейін ол орныққан ғаламдық зияткерлік меншікке (ЗМ) қарсы күресте өз азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты маңызды мәселелерді қолына алуға тырыспады.

Бүгінгі күнге дейін жағдай осындай болды. Оңтүстік Африка үкіметі қазір дәрі-дәрмектерге қол жеткізуді арттыруға мүмкіндік беретін ЗМ саласындағы жаңа саясатын бекітуге дайындалуда. Оңтүстік Африка, әрине, бай елдер жақтан екі жақты және көп жақты қысымның барлық түріне тап болады. Бірақ үкімет игі іс жасап жатыр, және басқа дамушы елдер де оның жолын ұстануы керек.

Соңғы екі онжылдықта дамып келе жатқан елдер қазіргі ЗМ режиміне қарсы айтарлықтай күрес жүргізуде. Көптеген жағдайда, бұл елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымында (ДСҰ) ережелер орнатуға араласып, сауда келісімдері арқылы өз еркін басқаларға таңып, әлемде «барлығына бірдей бір өлшем» моделін қолдануға тырысуынан туындады.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/nMWE2EN/kk;

Handpicked to read next