nilekani1_AnshumanPoyrekarHindustanTimesviaGettyImages_Indianchildfingerprintsforschool Anshuman Poyrekar/Hindustan Times via Getty Images

Цифрлық іркіліс кезінде Үндістаннан қандай сабақ аламыз?

ОКСФОРД – Цифрлық технология үкіметтердің өз азаматтарына білім және денсаулық сияқты қызмет түрлерін көрсету ерекшелігін жылдам өзгерте алады. Болашақтың мемлекеттік қызметі тиімді, ыңғайлы, әділ, датаға негізделген әрі адамдардың қажеттігіне бейімделгіш болуы тиіс. Бұл көзқарасты шындыққа айналдыру үшін дайындықты бастауымыз керек.

Ақылмен ұйымдастырылса, дата барлық адамға сапалы денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін жылдам, кең ауқымда әрі тұрақты түрде көрсетуге мүмкіндік береді, әрі әлеуметтік-экономикалық инклюзивтілікке жол ашады. Осы тамаша мүмкіндіктермен қоса, мемлекеттер цифрлық революцияның тәуекелдерін де ескеруі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, Үндістанның дата мен технологияны қолдану тәжірибесі басқа дамушы елдерге төрт түрлі сабақ береді. 

Біріншіден, масштаб жобаға соңынан емес, әу бастан енгізілуі керек. Үндістанда біз бір миллион қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің ауылдық жерде медициналық қызмет көрсетуіне қалай көмектесуді, жақсы жұмыс іздеп жүрген 100 миллион жас маманның білігін қалай арттыруды ойластыруымыз қажет. Әлем де дүниежүзіндегі 20 миллион сәбиге қалай қауіпсіз, жоғары сапалы екпе жасаймыз, мектепке бармаған 260 миллион бала мен жасөспірімге қалай білім береміз деп ойлануы керек.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

https://prosyn.org/Xpx2vXgkk