18

Миграцияның пайдасы

ОКСФОРД/ ШАНХАЙ – Қазір әлемде көп сөз болып жатқан иммиграция туралы пікірталастарда «иммигранттарды қабылдау – тым қымбатқа соғатын мәрттік шарасы» деген ой жиі айтылады. Бірақ иммигранттар тек экономикалық салмақ салып қана қоймай, баратын елдеріне үлкен экономикалық мүмкіндік әкеледі. Иммиграцияға ұзақмерзімді тұрғыда, тереңнен қарайтын елдер одан біршама пайда көре алады.

Маккинси ғаламдық институтының (MGI) соңғы зерттеуі көрсеткеніндей, шекара асқан мигранттар (олардың 90 пайыздан астамы экономикалық себептермен көшкен) әлем халқының тек 3,4 пайызын құрағанымен, ғаламдық ЖІӨ-нің 10 пайызын береді екен. Бұл мигранттардың шамамен үштен екісі өнімділігі жоғары дамыған елдерде тұратындықтан, олардың жұмысының әсері де көп, экономикалық тиімділігі де жоғары. Мұнда түрлі кәсіби деңгейдегі мигранттардың бәрінің рөлі бірдей.

2015 жылы мигранттар әлемдегі ЖІӨ-ге 6,7 триллион доллар өнім өндіріп, үлесін қосқан. Егер өз елдерінде қалғанда олар бұдан 3 триллион долларға аз өнім өндірген болар еді. Дамушы елдерден дамыған елге қоныс аудару өнімділікті еселеп өсіретіндіктен, әлемдік ЖІӨ-ге қосатын үлестің 90 пайыздан астамы бай елдерге көшкендерге тиесілі. MGI-дің есептеуі бойынша, иммигранттар АҚШ-та 2 триллион доллардың, Германияда 550 миллиард доллардың, Ұлыбританияда 390 миллиард доллардың, Австралияда 330 миллиард доллардың, Канадада 320 миллиард доллардың өнімін өндірген.

migrants in labor force