Vladimir Putin

Иллибералдардың тоқырауы

НЬЮ-ЙОРК – Қырғиқабақ соғыс аяқталғанына ширек ғасыр өткенде Батыс пен Ресейдің арасы қайта бұзылды. Дегенмен, бұл жолы бір тарап идеология емес, геосаяси ықпал үшін көбірек күресіп жатқанын ашық аңғартты. Батыс посткеңестік аймақтағы демократиялық қозғалыстарды түрлі жолдармен қолдап, ұзақ отырған диктаторларды жауапкершілігі  бар лидерлермен алмастырған «түрлі түсті» төңкерістерге ерекше ықылас білдірді, дегенмен олардың барлығы өздері айтқандай шынайы демократ болмай шықты.

Бұрынғы кеңестік блоктың көп елі әлі күнге авторитар басшылардың бақылауында тұр, солардың ішінде Владимир Путин сияқты кейбіреулері алдындағы коммунистерге қарағанда сайлауды сендіретіндей етіп өткізудің жолын тапты. Олар өздерінің «иллиберал демократия» жүйелерін тарихтың әмбебап теориясына емес, прагматизмге сүйеніп жеткізе білді. Бұл лидерлер бар шаруаны оңтайлы шеше алатындарын айтып сендірді.  

Бұл әсіресе қарсы пікірді жаныштап, ұлтшылдықты қоздыру тұрғысынан анық байқалды. Алайда, олар ұзақмерзімді экономикалық өсімге қол жеткізу жағынан соншалық тиімді жұмыс істей алмады. Кезінде әлемдегі ең ірі державалардың бірі болған Ресейдің ЖІӨ-сі қазір Германия ЖІӨ-сінің 40 пайызын, Франция ЖІӨ-сінің жартысынан астамын ғана құрайды. Адамдардың жас ұзақтығы жөнінен Ресей Гондурас пен Қазақстаннан кейінгі  153-орында тұр.

https://prosyn.org/WtD97n2kk