A mohel arranges for the circumcision ceremony tzahiV/Getty Images

Батыста сүндетке отырғызу сақтала ма?

ВАШИНГТОН, АҚШ – Исландияда медициналық көмектен тыс сүндеттеуге тыйым салу туралы заң жобасының қабылдануы еврейлер мен мұсылмандардың наразылығын туғызғаны ғажап емес. Олардың алаңдауға толық негіздері бар: Нидерланды мен Скандинавияда да сүндетке отырғызуды заңсыз деп тануға шақырғандар болған; Ұлыбританиядағы дәрігерлерге де сүндетке отырғызуға тыйым салуды қолдаңдар деген талап қойылып отыр; және 2012 жылы Германияда сүндетке отырғызудың заңдылығы қызу пікірталас туғызғаны да әлі ұмытыла қойған жоқ.

Адам құқықтарына берілген анықтама кеңейтіліп, оған балалардың денесіне тиіспеу талабы енгізілгелі, сондай-ақ, дін бостандығының анықтамасы негізінен діни салт-жораларды орындау және бірлесу құқығына дейін тарылғалы Еуропада сүндетке отырғызу салты соңғы уақытта қатаң сынға ұшырап отыр. Алайда, құқықтардың мұндай жаңашыл иерархиясын ойланып басқармаса, бүкіл адам құқықтарын қорғау жобасының заңдылығына қауіп төнуі мүмкін.

Исландия парламентіне заң жобасын ұсынған Прогрессивтік партияның өкілі депутат Силья Догг Гуннарсдоттирдің айтуынша, басты мәселе – «дін бостандығы емес, ... бала құқықтары». Гуннарсдоттир ханым «әркімнің өз нанымын өз қалауы бойынша таңдауға құқылы болып табылатынын» мойындай отырып, «бала құқықтары діни сенім құқығынан жоғары» екендігін атап көрсетті.

https://prosyn.org/TVajzY9kk