igoye1_NHAC NGUYENAFPGetty Images_woman Nhac Nguyen/AFP/Getty Images

Адам саудасымен күресте оның торына түскендердің көмегі қажет

КАМПАЛА – Адам саудасы өршіп барады, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс кеңсесінің жаңа есебіне сенсек, мұндай қылмыскерлердің жазаға тартылу ықтималдығы өте төмен. Жазасыздық өршіп тұрғанда проблема ұлғайып, адам саудалайтындардан жапа шеккендер саны арта бермек.

Әрине, бүгінде көп елдің адам саудасына қарсы заңдары бар, олардың кейбірі өте ауыр жаза белгілеген. Мәселен, менің туған елім – Угандада 2009 жылы қабылданған “Адам саудасының алдын алу” акті қылмысты ауырлататын жағдайлар болғанда бала саудасымен айналысқандарға өлім жазасын қарастырған. Әлем деңгейінде алсақ, БҰҰ-ның Адам саудасы бойынша Палермо хаттамасына 117 ел қол қойған және оған 173 тарап қатысады. 

Дегенмен, әлемде 21 миллион адам құлдықта жүрсе, миллиондаған кісі күштеп еңбекке жегу мен сексуалдық күңдіктің қамытын киген. Алайда, БҰҰ есебінде көрсетілгеніндей, адам саудасы үшін сотталғандар саны тым аз.

https://prosyn.org/PZHJ43ykk