sheng64_Lam-Yik-Fei_Getty-Images_skyline Lam Yik Fei/Getty Images

Қытайдағы «Інжу өзенінің сағасы» кластерінің келешегі

ГОНКОНГ – 2017 жылы 1 шілде күні ғасырға жуық британдық отарлық үстемдігінен кейін Қытайға Гонконгтың қайтарылғанының 20 жылдығы атап өтілетін болады. Бұл мерейтой Қытайдың басшылары елдің экономикалық дамуына жәрдемдесудегі Гонконгтың бірегей рөлін насихаттап жатқан сәтте келді.

Екі ай бұрын, премьер-министр Ли Кэцян Қытайдың Гуандун-Гонконг-Макао шығанағындағы - Гонконг талдаушылары Pearl River Delta (PRD) яғни «Інжу өзенінің сағасы» деп аталатын аймақтағы - экономикалық ынтымақтастықты нығайту жоспарын баяндаған.  Жоспардың басты мақсаты- аймақтың мемлекеттің тұрақты дамуындағы негізгі моторы ретіндегі рөлін нығайту. Бұл аймақ Гонконг, Макао, Гуанчжоу, Фошань, және Шэньчжэнь сияқты тоғыз негізгі қалаларды қамтиды. Өткен жылы, PRD халқының саны 68 млн құрады, және оның ЖІӨ $1,3 трлн болды.

Елдің оңтүстігінде орналасқан PRD аймағы Қытай экономикалық дамуының үш жағалау кластерлерінің бірі болып табылады. Мемлекет орталығында Шанхай кіретін «Янцзы өзенінің сағасы»  (YRD) орналасқан, онда халық саны  130 млн және ЖІӨ $ 2 трлн. Солтүстікте он негізгі қалаларды қамтитын, Пекин / Тяньцзинь / Бохай (BTB) экономикалық дәлізі бар; ол жерде 100 млн адам тұрады және ЖІӨ  $1,3 трлн. Бірге алғанда, осы үш кластерлер Қытайдың жалпы халқының 21 пайызын және елдің ЖІӨ-сінің шамасы 40%-ын құрайды.

https://prosyn.org/iZjYQBIkk