roach110_D-Keine Getty Images_stockmarketrecessiondata D-Keine/Getty Images

2020 жыл дағдарысы

Дағдарыстың қай түрі – мейлі қаржы немесе экономикалық болмасын, оны алдын-ала болжау – ақымақтың ісі. Әр дағдарыстың өз қаһарманы болады. Ол қандай уақытта дағдарыс туатынын ескертсе де, әдетте ешкім назар сала бермейді (осыдан дағдарыс басталады). Бірақ заманауи болжау тарихында сақтанудың өзге де түрі бар: дағдарыстың келерін анықтай алғандар қайта айналып оған ұрынбайды екен.

Экономистерге ең дұрысы экономика әлсіздігін дұрыс бағалай білу. Нақты экономика мен қаржы нарығындағы дисбалансты бағамдау арқылы ауқымды келеңсіздіктердің алдын алуға болады. Нарық немесе экономиканың әлсіз тұсын қалпына келтіру үшін көп нәрсе қажет емес. Алайда кәдімгі түзету жұмыстары мен дағдарыстың айырмашылығы бар. Келеңсіздік нақтылығы мен әлсіздік дәрежесі өте маңызды болып табылады. Өте әлсіз жүйеде орын алған аса ауқымды келеңсіздік – нағыз дағдарыс.

Осы орайда орталық банктер балансының шектен тыс артуы сынды әлсіздікке апаратын негізгі көздер мені қатты алаңдатады. Оның басты үш себебін түсіндеріп өтсем.

https://prosyn.org/ZMcoWQhkk