ying1_ARIS MESSINISAFP via Getty Images_airportcoronavirussuppliesaidfacemasks Aris Messinis/AFP via Getty Images

COVID-19 қарсы күрестің осал тұстары

СИНГАПУР – COVID-19 пандемиясының кесірінен бірнеше аптаның ішінде-ақ пайда болған мыңдаған науқастың сырқатымен күресуге әлемдегі ешбір денсаулық сақтау жүйесінің дәрмені жоқ. Оған қоса, вирус жұқтырған әр жетінші адам ауруханаға жатқызылу қажет екенін, шамамен жиырма адамның бірі механикалық аппаратқа мұқтаждығын ескерсек, жүйе жұмысының қауырт әрі тоқтау қаупінен тұратын рецептіге ие боласыз.

Егер жоғары деңгейлі денсаулық сақтау жүйесі бар дамыған елдер COVID-19-ға қарсы тұра алмай жатқанда, дамушы елдерден қандай үміт күтуге болады? Вирус жұқтырғандарды анықтап, аурудың таралуын азайту үшін науқастарды оқшаулауға қажетті жабдықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ сырқаттану мен өлім санын азайту үшін емдеу шараларын жүргізуге кедей мемлекеттерде технология, кәсіби дайындық пен арнайы қор жеткіліксіз.

Бұл елдер стандартты эпидемиологиялық шараларды қолдануға толық дайын емес, мысалы аурумен байланыста болғандарды бақылау, жоғары дәрежелі денсаулық сақтау қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, тұрақты түрде қамтамасыз етуге жағдайы келе бермейді. Шындығында, авторитарлы режимнің (шүбәсіз кедей елдердің көпшілігінде аталған режим үстем) әлеуметтік оқшауланудың айтарлықтай қатаң түрін енгізуге шамасы жетеді. Алайда әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен топтарға қиын соғатын мұндай қатаң талаптардың нәтижесін оңалтуға авторитарлы режимнің мүмкіндігі аз.

https://prosyn.org/CCfbzvTkk