Pro-Brexit demonstrators Jack Taylor/Getty Images

Ауыр Брекситтің үміт оты

ЛОНДОН – Қорғаныс пен қауіпсіздіктің бірдей емес екенін ұмытып кету оңай. Қорғаныс - бұл елдердің олардың қауіпсіздігі бұзылған кездегі жүгінетін құралы. Бейбітшілік кезеңінде болса елдер өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтындықтан қорғанысқа ақша жұмсайды.

2014 жылдан бастап Ұлыбритания мен Еуропа Одағының қауіпсіздік жағдайы күрт нашарлады. Сол жылдың наурыз айында Ресей Украинаға басып кіріп, Қырымды өз аумағына қосып алды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін міне бірінші рет еуропалық держава өзінің шекараларындағы жағдайды қару-жарақ арқылы қайта қарастыра бастады.

1994 жылы Ресей Украинаның Кеңес Одағынан мұраға алған ядролық қаруды тапсырған жағдайда оның аумақтық тұтастығын қорғауға келісті. Бірақ Ресей тек Қырыммен тоқтай салмады; сол кезден бері ол елдің шығысындағы Донбасс аймағында Украинаға қарсы баяу ағымды соғысты жүргізіп келеді.

https://prosyn.org/SVNyHtfkk