signe4_Kevin FrayerGetty Images_chinafacialrecognitioncoronavirus Kevin Frayer/Getty Images

Технологияға әлемдік бақылау орнату – жаңа заман талабы

ВАШИНГТОН, Колумбия округі – Пандемия кезіндегі карантин, дигитализация мен Төртінші өнеркәсіптік революцияның күшеюі – барлығы жаһандық басқару жүйесіне өзгеріс алып келетін негізгі күш иелері. Әлемдегі технология алпауыттары бір мезгілде геосаяси көшбасшы бола алатындықтан жасанды интеллект сияқты алдыңғы қатарлы салаларда  бәсекелестік артып келеді. Төртінші өнеркәсіптік революциядағы технология тартысы пандемиядан кейін дүние жүзіндегі экономикалық және саяси келісімдерге әсер ететін негізгі факторға айналады.

АҚШ жасанды интеллект саласында үздіктердің қатарында, дегенмен оған дес бермей келе жатқан Қытай, басып озуға құлшынып тұрған Ресей сияқты елдер де бар. Қытай аталған салаға (чиптер мен электрокөліктерді қосқанда) 300 млрд доллар инвестиция құйып үлгерді. Сондай-ақ, ұлттық инновациялық стратегия («Қытайда жасалған 2025») қабылдап, Baidu, Alibaba және Tencent сынды технология алыптарының дамуына жол ашты. Қытайдың жасанды инттелект саласын дамытуға әлеуеті зор болғанымен, АҚШ-тың алдын орау үшін көп жұмыс істеуі керек. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қытай үш негізгі бағыт бойынша артта қалып жатыр. Олар: құрал-жабдықтар, ғылыми зерттеулер, коммерциялық сектор.

АҚШ пен Қытайдан бөлек Еуропа және Азия елдері де Төртінші өнеркәсіптік революция жаңашылдығына ұмытылуда. Мысалы, Ұлыбритания өзінің зерттеу институттарының өте мықты болуы мен зерттеу саласына үлкен мемлекеттік қаржыландыру жүргізетіндіктен жасанды интеллект саласына дайындығы жоғары елдердің қатарына орныққан. Сол сияқты көптеген Азия елдері де технологияны қолданысқа енгізу және роботтандыру үрдісінде айтарлықтай басымдық танытты. Әр 10 000 жұмысшыға 774 робот келетін Оңтүстік Корея техника саласында біршама елді басып озды; ал Жапония онсыз да мықты дамыған автокөлік өндірісімен қоса автономды транспорт құралдарын жасауда көш бастап тұр.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/FwkRysKkk