O'Neill51_GREG BAKER_AFP_Getty Images GREG BAKER/AFP/Getty Images

Жаһан экономикасының бұлыңғыр болашағы

ЛОНДОН – 2018 жылдың басында әлем экономикасының басым бөлігі синхронды түрде циклдық оңалу кезеңіне өтті, бұл 2008 жылғы құлдыраудан кейінгі он жылдық есеңгіреуден соң бас көтеріп, ұзақмерзімдік даму жолына түскенімізден хабар береді. Брекзит үрейіне, Таяу Шығыс пен Корей түбегіне үйірілген қара бұлтқа, АҚШ президенті Дональд Трамптың болжап білуге болмайтын мінез-құлқына қарамастан, инвестиция артып, жұмыссыздық азайып келеді.

Дегенмен, қаңтарда ескерткенімдей, «ғаламның көңіл күйі саяси тәуекелдерден үрейленуден ұмытшақтыққа ойысып барады, ал мұндай тәуекелдер әлі де көп». Оның үстіне, мен ұсынған жаһандық индикаторлардың көбі жоғары болып тұрса да, дамыған экономикалардың, соның ішінде АҚШ-тың, ақша-несие саясатын қатаңдатып жатқанын ескерсек, 2018 жылдың бірінші жартысынан соң бұл дәстүрдің әрі қарай жалғасарына күмән келтірдім.

Міне, енді біз 2018-дің бел ортасына келдік, сол индикаторлардың кейбіреуі бұрынғыдай керемет болып тұрған жоқ. АҚШ-тың Жабдықтау менеджменті институтының маусым айындағы сатып алу менеджері индексіне қарасақ (PMI) көрсеткіштер өте жақсы, дегенмен әлемдегі басқа да салыстырмалы сауалнамаларға сенсек, жағдай алты ай бұрынғыдан әлдеқайда нашар. Ең бастысы, Қытай мен Еуропада іскерлік белсенділік төмендеді.

https://prosyn.org/XLC4hJNkk