kschwab25_Marcos del MazoLightRocket via Getty Images_climateprotest Marcos del Mazo/LightRocket via Getty Images

Басқарудың жаңа моделі

ЖЕНЕВА – 2022 жылы COVID-19 пандемиясы мен коронавирустық инфекция салдарынан туған есепсіз дағдарыстың беті қайта бастады. Бірақ жақсы сценарийдің өзі климаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларының сәтсіздікке ұшырауынан бастап әлеуметтік бірліктің бұзылуына дейінгі жаңа мәселелер толқынын тоқтата алмайды. Аталған мәселелерді шешу үшін көшбасшылар басқа даму моделін қабылдауы керек. 

Институттар жақсы басқарылып тұрғанда оларға көп мән бере қоймаймыз. Олар экономика мен қоғамдық құрылымның барлық саласын қолдаушы, көзге көрінбейтін инфрақұрылым болып қала береді. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында «жақсы басқарудың» арқасында табыс көлемі артып, әлеуметтік бейбітшілік орнады.

Қазір көп адам көшбасшыларға сенбейді. Қауіп-қатердің сан түрі мен олардың алдындағы ұжымдық қабілетсіздігімізді көргеннен кейін кінәлілерді іздей бастадық. Кей адамдар бұған саяси басшыларды, басқалары «Давос адамы» тобына кіретін тұлғаларды кінәлайды, ал ашынған азшылық бар қиындықтың астарынан элитаның қитұрқы әрекетін іздейді.

https://prosyn.org/YIJYpURkk