globe Umar Aslam/EyeEm/Getty Images

Жаһандық Күрделілік дәуірі

НЬЮ-ЙОРК – Әр ғасырдың, меніңше, белгілі бір «дәуірі» бар сияқты. Мысалы, Ренессанс, философиялық тұрғыдан, Шытырман оқиғалар Дәуірі деп аталған. Он жетінші ғасырдағы Ақыл дәуірінен соң Ағарту дәуірі орын алған. Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырлар тиісінше, Идеология мен Талдау дәуірлері болды. Жиырма бірінші ғасырға келетін болсақ, менің ойымша, бұл - Күрделілік дәуірі.

Бір жағынан алғанда, ғылым және технологиялар дамуы арқасында адамдар жаңа өмір жарата алады, және озық геномды өзгерту технологиялары арқылы, тіпті жаңа тірі зат түрлерін де шығара алады. Футуролог Юваль Ной ХарариHomo Deus туындауын күтуде, бұл «Құдай сияқты»  табиғатта түрлі өзгерістер жасап, тіпті өлімді ары жылжытып немесе жеңіп ала алатын адамзаттың түрі. АҚШ Қорғаныс департаменті алдағы жылдары маңызды деп белгіленген  технологиялық үрдістер туралы 30 жыл бұрын тіпті ешкім білмеген еді.

Екінші жағынан, адамзат өзін қатты ластану және климаттың өзгеруі, бітпес радикализм мен лаңкестік сияқты шешілмейтіндей көрінген қиындықтардан дәрменсіз және бақытсыз сезінеді. Экономикалық теңсіздік, автоматтандыру салдарынан жұмыс орындарын жоғалту, терең тамыр жайған әлеуметтік тапсырыстар, және жойқын саяси күштер дамуымен қоса келіп, осы дәрменсіздік сезімінің күшеюіне көп үлесін қосты.

https://prosyn.org/yCMhG2Vkk