German engineering Sean Gallup/Getty Images

Германияның сыртқы сауда профициті туралы жаңсақ пікір

БЕРЛИН – Германияның ағымдағы шот профициті рекордтық 270 миллиард еуроға (285 миллиард доллар), немесе ЖІӨ-нің 8,7 пайызына жақындағанда экономикалық модельге қатысты пікірталас қайта қарқын алды. Еуроаймақ саясаткерлері мен АҚШ әкімшілігі бір-бірін экономикалық теңсіздік үшін айыптап жатыр, екі жақ та бар кінәні еуроға артып келеді.

Өз кезегінде Трамп әкімшілігі Германияны «экспортын шектен асырды», «еуромен манипуляция жасады» деп айыптады. Шындығында Германияның саудадағы профицитінің еуроға еш қатысы жоқ, тек саясаттағы басқа қателіктердің барлығын жасырып-жабу үшін еуроға арта салу оңай.

Соңғы сыни пікірлер легіне қараған немістердің көбі «басқалар Германияның жетістігін қызғанып жүр» деп топшылайды, оның үстіне «Германия өзіне әділетсіз түрде басымдық алып алды» деген пікірлерге шамданады. Олардың айтуынша, Германия баға демпингімен, экспортты тікелей қолдаумен айналысып отырған жоқ, ел басшылары еуроны нысанаға алған жоқ.

https://prosyn.org/V4c5xgPkk