German politician sleeping at the Bundestag Christian Bach/Getty Images

Германия ұйықтап жатқанда...

БЕРЛИН – Германиядан тысқары тұратын жұрттың көбі немістердің өздері туралы ойша жасап алған карикатурадан хабары жоқ. 20 ғасырдағы соғыс насихаты сомдаған менмен ұлтшыл да, Мэдисон-авенюдің көлік жарнамасындағы перфекционист инженер де, телеэкрандарда көрсетілетін ережеге бағынатын, тап-тұйнақтай білгір де емес, қазіргі неміс – түнгі киімін, басына тақиясын киген ұйқылы-ояу адам. Кейде қолына шырақты қатты қысқан ол маңындағылар әбден жолынан адастырған аңғал адам болып көрінеді.

Бұл – жаңа көрініс емес. Керісінше, бұл кейіпкер 19 ғасырда “Der deutsche Michel” немесе «Неміс Мишель» деген атпен танылған. Тым тар ойлағанының кесірінен ол үлкен идеяларынан бас тартып, өзгерістерден қашты, сөйтіп біртоға, ыңғайлы әрі тыныш өмір сүрді.

Сол Мишель тағы қайтып оралды. Оны қалай кінәлаймыз? Германияның экономикасы гүлденіп тұр, жұмыссыздық жоқтың қасы, ал жалақы өсіп келеді. Қаржы дағдарысы баяғыда ұмытылған, мемлекет бюджеті бақылауда, 2015 жылғы мигранттар нөпірі салыстырмалы түрде жақсы реттелді.

https://prosyn.org/AtoYWsvkk