Angela Merkel NurPhoto/ Getty Images

Еуропа Германияға тізгінді бере ме?

БЕРЛИН – Ұлыбританиядағы «Брекзитті» қолдаушылардың жеңісі, Италиядағы Маттео Рензидің референдумда жеңіліп, қызметінен кетуі, АҚШ-та Дональд Трамптың президент болып сайлануы Батыста және Еуропада билік вакуумын туғызды. Еуропа экономика және сыртқы саясат мәселелері бойынша бірлескен маңызды шешімдерді қабылдайтын тұста Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия сияқты Еуропа одағының ірі мүшелерін ішкі жайттар көбірек толғандырып отыр. Сондықтан Германия канцлері Ангела Меркельге суырылып алға шығып, басшылық ету қажеттігі туып тұр.

Бірақ, егер Германия лидерлігін көрсеткісі келсе, онда ол байланыс пен компромисті қолай көретін Еуропалық әріптестерін қажет етеді. Германияны сынаушылар оны басқа мүше мемлекеттердің саясатқа қатысты ұсыныстарына ашық болуға шақырады, олардың мұнысы жөн. Бірақ шағымданушылардың көбі Германияны әділетсіз, тіпті кейде өзімшіл деп сипаттайды.

Мәселен, Германия үкіметін 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде Еуропалық ынтымақтастықтан бас тартты деп айыптады. Дегенмен, кейбір шараларды тым кеш қолға алып немесе тым үстірт шешімдер қабылдағанымен (мәселен ЕО-дан уақытша шығуды көздейдін «Грекзит» жоспары), Германия үкіметі «Еуропадағы тұрақтылық механизмі» сияқты шұғыл көмек бағдарламаларын қабылдауға, ЕО банк одағын құруға мұрындық болды.  Бастысы, ең ауыр қаржылық жүкті көтеріп келе жатқан да – осы Германия.

https://prosyn.org/kdXiaIakk