Refugee protest in Munich Joerg Koch/Stringer

Босқындарды интеграциялауда Германиядан үйренеріміз көп

ДАВОС – Әлем үкіметтері үлкен сын-қатердің алдында тұр. Соңғы жылдары халықаралық мигранттар саны күрт өсіп, 2015 жылы 244 миллион адамға жетті, яғни 2000 жылмен салыстырғанда 41 пайызға өскен. Соның ішінде 20 миллион босқын гуманитарлық апаттың алдын алып, қабылдаушы елдердің жылдам әрі жауаптылықпен интеграциялауына мұқтаж болып отыр. Босқындардың ең көп нөпірі барған елдерге логистиканың ауыр салмағы түсіп тұр.

2015 жылы 1,1 миллион адамды қабылдаған Германия бұл салмақтың қаншалық ауыр екенін жақсы түсінеді. Бірақ Германия әлі мойыған жоқ. Керісінше батпан жүкті көтере біліп, үкімет, бизнес, азаматтық қоғам және мемлекеттер арасында тұрақты әріптестік орната отырып, босқындар мен оларды қабылдаушы елдердің мұқтаждықтарын оңтайлы жолмен өтеуге болатынын дәлелдеп берді.

Жетістікке жету үшін әр ел босқындардың қажеттіліктерін тиімді түрде өтеу жолында мүмкіндігі, ресурстары мен құрылымдарының бар екенін көз жеткізуі керек. Өткел елдер мен баратын елдер арасында басқару мен үйлестіру ұтымды болса, үкіметтер, бизнес өкілдері, үкіметтік емес және жәрдем көрсетуші ұйымдар міндетті түрде кездесетін қиындықтарды оңай жеңе алады. Сонымен бірге өткел елдер мен қабылдаушы елдер босқындарға қажеттіні беру кезінде болатын басты қиындықтарға сол босқындардың өздерінің көзімен қарауы керек.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/0VA27MQ/kk;