25

Германия, G20, және инклюзивті жаһандану

БЕРЛИН – Жаһандану қазіргі уақытта Батыста барған сайын жаман сөз жинауда. Популистік қозғалыс басшыларының айтуынша, оның кәдімгі азаматқа берер пайдасы аз, немесе тіпті мүлдем жоқ десе те болады, және оның орнына олар протекционизм және біржақтылықты жарнамалайды. Сауда немесе қаржылық реттеуге қатысты ұлттық саясат ұлттық ұлылықты қалпына келтірудің үшін ең сенімді жолы ретінде қарастырылады.

Бірақ бұл популистік күн тәртібі халықаралық ынтымақтастық және халықаралық сауда тек жеңімпаздар мен жеңілгендер бар ойын деген терең жетілмеген ойға негізделген. Шын мәнінде, ынтымақтастық және сауда барлық елдерге пайда бере алады. Көптеген жылдар бойы, дамыған және дамушы елдерде, олар жүздеген миллион адамды кедейшіліктен шығарды, жаһандық қауіпсіздікті және жаһандық өркендеуді нығайтты.

Әрине, тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуге қол жеткізіп, оның барлық адамдарға пайда тигізуін қамтамасыз ету үшін жаһандануға ережелер мен танылған құрылым керек. Ұлттық заңнамаға келер болсақ, оған үнемі түзетулер жасауды талап ететін негіздемелік құрылым қажет. Бірақ одан толығымен бас тартып және жаһанданудан кету дұрыс шешім емес. Керісінше, біз халықаралық экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жолдарын іздеуіміз керек.

Менің ойымша, G20  мықты және инклюзивті ынтымақтастық үшін ең үздік форум болып табылады. Әрине, G20 мінсіз емес, бірақ бұл қазір барлық адамдар үшін лайық болатын жаһандану нысанына жету үшін ең жақсы институт болып табылады. Ол арқылы әлемдегі негізгі өнеркәсіптік және дамушы елдер әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін ортақ жаһандық тәртіпті жасау бағытында бірлесіп жұмыс істеген. Шынында да, G20 ашық нарық, реттелген капитал ағындары, қиналған елдерге көмек беруді қамтамасыз етеін жаһандық қаржы архитектурасының саяси негізі болып табылады.