Indian women work at a garment factory in Ludhiana MONEY SHARMA/AFP/Getty Images

Гендер теңсіздігі қанша шығын келтіріп жатыр?

ОТТАВА – Әйелдер – ерлермен, қыздар – ұлдармен бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуы үшін күресу – мораль және этика принципі тұрғысынан дұрыс іс екені күмән туғызбайды. Бірақ бұл – экономикалық тұрғыдан да тиімді, нақтырақ айтсақ, 160 триллион долларға пайдалы іс.

Дүниежүзілік банк тобы Канада үкіметінің қолдауымен жақында жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, әйелдер бүкіл өмірінде дәл ерлер сияқты ақша тапса, онда зерттелген 141 елдегі табыс жан басына шаққанда 23 620 долларға, ал жалпы сомасы 160 триллион долларға жетеді екен. Бұл қомақты ақша теңсіздікті азайтып, орта таптың көлемін ұлғайтуға, әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа әкелетін факторларды азайтуға бағытталған болар еді.

Осындай үлкен мүмкіндігі болғанына қарамастан, әйелдер өз елдерінің адами капитал байлығының 38 пайызын ғана құрап отыр. Адами капитал байлығы – ересек адамдардың болашақ табысының көлемі. Кедей және табысы орташадан төмен елдерде әйелдер мұндай байлықтың үштен бірін, кейде тіпті одан да аз бөлігін құрайды.

https://prosyn.org/yM021BSkk