A businesswoman giving a presentation Cecilie_Arcurs/Getty Images

Жұмыстың болашағы жоқ

ВАШИНГТОН – Жұмыстың болашағы бүгінде қызу талқыланып жатқан тақырып. Ол талдаулар, түсіндірмелер және конференциялардың шексіз тізбегіне шабыт берді және өткен аптада өткен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы кездесулерінде де бұл тақырып басты орын алды. Себебі, жаңа технологиялардың, яғни цифровизация, робототехника және жасанды интеллекттің жұмыспен қамтуға елеулі әсері бар. Бірақ, әңгіменің жиі жағымсыз тақырыпта өрбуіне қарамастан, бұл мәселе бақытты аяқталуы да мүмкін.

Қазіргі пікірталастар көбінесе болашақта адамдардың жұмыс орындарын машиналар басып алады деген мелодрамалық келешекті болжайды. Кейбір болжаулар бойынша, Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс орындарының 47% -ына; ЭЫДҰ елдерінде болса, 57 пайызына; дамушы елдердің үштен екісі және әлемдегі жұмыс орындарының жартысына (шамамен екі миллиард) қауіп төніп тұр.

Бірақ алдыңғы автоматтандыру кезеңдері де осындай ірі көлемдегі жұмыс орындарының жойылуы және жоғары технологияларға негізделген құрылымдық жұмыссыздық тәрізді қамықтыратын болжамдарға толы болды, тіпті атақты экономистердің де пікірлері сондай болған. Джон Мэйнард Кейнс өз пікірмен бөліскен және Василий Леонтьеф те  ұқсас ойын айтып өткен. Екеуінің де болжамдары орындалмады. Керісінше, технологиялық өзгерістер өнімділіктің және жұмыспен қамтудың қуатты алға итеруші күші болды.

https://prosyn.org/xFwqiOBkk