13

Макрон және қажеттілігі көп Еуропа

ЖЕНЕВА – Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңісі, дағдарыстар мен сәтсіздіктерден кейін Еуропаның өзіне деген сенімділігін нығайтқандығының белгісі. Бірақ жаңартылған сенім масаттанушылыққа әкелуі тиіс емес.

Макрон арқылы Францияның центризмі екі жаққтан келген сайлау шабуылдарына төтеп берді. Бірақ сол шабуыл күші Еуропалық Одақтың шарттарының қаншалықты тұрақсыз екенін көрсетеді. Батыл іс-қимыл жедел түрде қажет екенін бәрі ұғынғанымен, олардың нақты қандай болатыны туралы ешқандай келісім жоқ.

ЕО реформаларына қатысты пікірталастардағы басым көзқарас «түрлі жылдамдықты Еуропаны» құру болды. Негізгі идея, интеграцияның оңтайлы деңгейіне жету туралы келісімге келуді күтудің орнына, әрбір ЕО мүше ел үшін прогрессты алға итерген елдермен қатар, интеграцияға өз жылдамдығымен баруға рұқсат беру керекте.

Бірақ күрделі келіссөздерден құтылудың ыңғайлы жолы ретінде көрінген идеяның шын мәнінде елеулі проблемаларды тудыртары анық. Біріншіден, көп жылдамдық тәсілі ЕО бағытында сайлаушылардың тұрақты күдік және араздықтарын елемейді: Брексит референдумы мысалдардың ұзын тізбегіндегі соңғы және ретті болып табылады. Ең маңыздысы, ол мүше елдердің нақты қажеттіліктерін елемейді.