12

Макрон және қажеттілігі көп Еуропа

ЖЕНЕВА – Франциядағы президенттік сайлауда Эммануэль Макрон жеңісі, дағдарыстар мен сәтсіздіктерден кейін Еуропаның өзіне деген сенімділігін нығайтқандығының белгісі. Бірақ жаңартылған сенім масаттанушылыққа әкелуі тиіс емес.

Макрон арқылы Францияның центризмі екі жаққтан келген сайлау шабуылдарына төтеп берді. Бірақ сол шабуыл күші Еуропалық Одақтың шарттарының қаншалықты тұрақсыз екенін көрсетеді. Батыл іс-қимыл жедел түрде қажет екенін бәрі ұғынғанымен, олардың нақты қандай болатыны туралы ешқандай келісім жоқ.

ЕО реформаларына қатысты пікірталастардағы басым көзқарас «түрлі жылдамдықты Еуропаны» құру болды. Негізгі идея, интеграцияның оңтайлы деңгейіне жету туралы келісімге келуді күтудің орнына, әрбір ЕО мүше ел үшін прогрессты алға итерген елдермен қатар, интеграцияға өз жылдамдығымен баруға рұқсат беру керекте.

Бірақ күрделі келіссөздерден құтылудың ыңғайлы жолы ретінде көрінген идеяның шын мәнінде елеулі проблемаларды тудыртары анық. Біріншіден, көп жылдамдық тәсілі ЕО бағытында сайлаушылардың тұрақты күдік және араздықтарын елемейді: Брексит референдумы мысалдардың ұзын тізбегіндегі соңғы және ретті болып табылады. Ең маңыздысы, ол мүше елдердің нақты қажеттіліктерін елемейді.

Еуропа, әрине, ортақ құндылықтар, бостандықтар мен стандарттар негізінде ортақ көзқарасты талап етеді. Бірақ, кез келген Еуропалық концепция Еуроодаққа мүше мемлекеттер мен сайлаушылардың басымдықтарын қолдауға сайланған үкіметтердің көзқарасы мен жеке басын құрметтеуге тиіс.

Ортақ құндылықтар бір бөлек; ал  бірыңғай нарықтың негізінен тыс, әлеуметтік және еңбек-нарықтық реформалар, салық жүйелері, немесе реттеуші режимдер деректемелері мүлдем басқа болып табылады. Осы салаларда, ЕО-ға мүше мемлекеттер, жаңа мүшелер, тіпті шығатын елдердің өздерінің өнеркәсіптік базалары, демографиялық динамикасы, тарихи мұрасы, ал Балқан мемлекеттері жанжалдан кейінгі ауыр жағдайына байланыста әлдеқайда әртүрлі қажеттілі��тері бар. Бұл айырмашылықтар интеграция қарқыны ғана емес, сондай-ақ іске асыру жолына да әсер етеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік есептемесі бойынша, Еуропаның он ең бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің сегізі солтүстiк-шығыс Еуропада орналасқан; ал ЕО-ға кірмейтін мүшелер, Швейцария және Норвегия рейтингті жабады. Бірақ Солтүстік мен Оңтүстіктің бәсекеге қабілеттілігі арасындағы айырмашылықтың шешімі жоғарыдан түспейді, немесе ЕО-да бизнес жүргізудің жалғыз басты мақсатын айқындай алмайды. Бұл, әрине, бір түнде шешілетін мәселе емес.

Бұл бәсекеге қабілеттіліктегі алшақтықты шешу аса маңызды емес дегенді білдірмейді. Керісінше, ЕО арқылы неғұрлым әділ экономикалық ландшафты құрудан азаматтар ұтады, тыс әлемге Одақтың тартымдылығын жаңғыртып, оны қақтығыс және тұрақсыздық жаһандық теңізінде тұрақтылық аралы ретінде бейнелейді.

Бірақ еуропалық көшбасшыларға тіркелгі елдердің түрлі қажеттіліктері мен тіпті болашағын ескеретін көзқарасты табу қажет. Яғни өздерінің дұрыс болып шығуына аз назар аударып,  керісінше оң істер жасауға аса үлкен мән берулері керек.

Біз, немістер, еліміздің 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан аман шығып, көнерлік деңгейде жұмыссыздықты сақтап және тіпті қуаттанып кетті десек де болады. Дегенмен, еуропалықтар сияқты, біз Германияның өсіп келе жатқан ағымдағы шот профициті ЕО-дағы тұрақсыздықты тудыртатынын мойындауымыз керек.

Еуропалық мыңжылдық буын үшін Берлиннің аса тартымдығымен қатар Германияның мықты еңбек нарығына деген ұмтылысын қоссақ теңгерімсіздіктің әлі де өсері анық. Өйткені, бүгінгі күні, Еуропаның экономикасын инвестициялар ғана емес, дарын мен идеялар жандандырады.

Германияда, және Еуропадағы бәлкім еш бір мемлекет үкіметі даулы сайлауға бірнеше ай қалғанда борышты жеңілдетудің үлкен еуропалық бастамасына келіспейтіні анық деп санаймын. Бірақ, мен, сондай-ақ бүгінгі сенімдірек ЕО-ның ең бәсекеге қабілетті бөліктеріндегі басшылар барлық мүше мемлекеттер үшін экономикалық прогресті қолдау шараларында даналықты көреді деп те сенемін.

Бұл Германияның зиянды ұлттық өзімшілдікті қойып, икемді және жауапты көшбасшылықты жүргізген бірінші ауданы емес. 2015 жылы Германияның коалициялық үкіметі айтарлықтай ішкі тартыстарға қарамастан, Сирия мен Ирактағы соғыс қасіретінен қашқан миллион босқындарды қабылдауға шешім қабылдады. Бұл саясат үкімет тараптарына айтарлықтай саяси капиталға айналды, бірақ демографиялық қиындықтарға тап болған ел үшін оның маңыздылығы әлі де көрінетін болады.

Саяси көшбасшылар және олардың жеке-сектор әріптестері, Германияның босқындарға қатысты саясатынан үлгі алулары керек. Яғни бұл ымыраға келу әлсіздіктің белгісі және тиімсіз болып табылады деген ойды теріс шығарып, керісінше, келісімге келу еуропалық жобаның іргетасы, демократиялық шешім қабылдаудың ең қуатты құралдарының бірі ретінде  ұстануды білдіреді. Ең алдымен, ол әңгіменің әр түрлі жылдамдықпен дамыған Еуропа жайлы емес, әр түрлі қажеттіліктері бар Еуропа туралы екенін мойындауымызды білдіреді.