11

Экономикалық талдаудан экономиканың инклюзивті өсуіне қарай

ВАШИНГТОН – Көптеген экономикалар инвестициялар, жылдам инновациялар және күшті ЖІӨ табыстары теңсіздікті төмендету іс-шараларымен бірге жүретін инклюзивті экономикалық өсудің рецептін іздеуде. Консерваторлар өсу үшін кәсіпкерлікті ынталандыратын икемді еңбек нарықтары мен төмен салықтар керек деп сендіреді. Бірақ теңсіздікті азайту мемлекеттік шығыстарды және салық салудың жоғары деңгейін талап етеді (үкімет құлдыраған экономиканы ынталандыру үшін тапшылықпен жұмсауды ұстанатын жағдайды қоспағанда).

Скандинавиялық экономикалық модель осы мәселені шешу үшін жиі қолданылады. Атап айтқанда, даниялық «флексекьюрити» жүйесі, тарихта төмен теңсіздікпен қатар мықты экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берген. Филипп Агьон сияқты жетекші экономистер бұл модельдің бүкіл әлемде өсу, теңдік, және азаматтардың жалпы қанағаттану деңгейін тепе-тең ұстай алуы туралы жақсы талдаудар жариялады.

Бұл экономистер кәсіпкерлікке төмен салықтар салынатын, инновацияларға жомарт ынталандыру бар, және жұмысқа алу мен жұмыстан шығару бойынша бірнеше шектеулері ғана бар еңбек нарықтары салыстырмалы түрде тең табыс бөлу, жоғары әлеуметтік шығыстар, сондай-ақ жаппай тегін білім беру сияқты әлеуметтік саясатты теңестірумен үйлесімді деп санайды.

Бұл модель Еуропада тұрақты пікірталас тақырыбы болды, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында да қазір өзекті мәселе болып табылады, себебі Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі инновациялар мен өсуді жақсарта отырып, жаһанданудан «жолы болмағандарға» көмектесуге уәде берді. Бірақ АҚШ-та, саяси тұрғыдан, білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ зейнеткерлерді қаржымен қамсыздандыруға жомарт мемлекеттік шығыстардың болуын талап ету әлдеқайда қиын, себебі олай жасау жоғары салықтар ауқымын арттырады.