6

Негізгі капиталға инвестиция салуға ынталандыруды белгілеу

ЛОНДОН – Ақпан айында мен айтып өткендей,  өткен 12 ай ішіндегі саяси сілкіністерді ескере отырып, 2016 жылдың соңында әлемдік экономика адамдардың көпшілігі күткеннен күштірек циклдік күйде болды. Бұл серпін 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін сақталды. Соңғы “аса қысқа мерзімді” көрсеткіштер бойынша, әлемдік ЖІӨ өсімі 4 пайыздан асқан және бұл 2008 жылдағы қаржы дағдарысынан бері орын алған, бәлкім ең мықты өсу көрсеткіші болар.

Дегенмен, кейбір бақылаушылар, арасында тек қана пессимисттер емес, бұл өсім дәлелі сенімсіз деп қарсы болды, және ағымдағы экономикалық үрдістің қаншалықты ұзақ жалғасатынын болжау мүмкін емес деп те айтты. Шынында да, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері қалпына келу кезеңдерінде өсу орын алып, сосын тез арада қайта баяу ағымына оралған.

Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді сақтау үшін бизнес инвестицияларын арттыру керек. Өкінішке орай, бұл оңай көрінгенімен, іс жүзінде олай жасау қиынға соғар. Әсіресе, Батыс экономика жүйесінде, негізгі капиталға салынған, тұрғын үй емес инвестициялар алдыңғы қысқа ғұмырлы, экономика өсуінің  жеделтету циклында жоқ болған фактор болып табылады.

Тұрғын үй емес бизнес инвестицияларының соңғы жылдары неліктен жанданбағанын ешкім нақты айта алмас. Бірақ, мен осы мәселе бойынша сәл пессимистік дәстүрлі пікір дұрыс емес па деп күдіктенемін.