The tablet and smartphone apps for Google, Amazon, Facebook and the Apple Store  LIONEL BONAVENTURE/AFP/Getty Images

Технология алпауыттары қаржы дағдарысынан қандай сабақ алуы тиіс?

ОКСФОРД – Болжамдар қате болды: 2008 жылғы қаржы дағдарысынан соң әлем экономикасы құрдымға кеткен жоқ. Салық төлеушілердің қаржысының арқасында банктер қайта бас көтеріп, көп институттардың шаруасы өрге басты. Бірақ, бұл дағдарыстың жалғыз салдары – халықтың қаржы секторына деген сеніміне селкеу түсті. Дағдарыс болғалы он жыл өтсе де, “басты көше” (халық) “қаржы көшесі” (Уолл стритке) сенбей тұр.

Осыған ұқсас сенім дағдарысы бүгінде технология индустриясына да келді. Facebook пен Cambridge Analytica-ның басшылары өз компанияларының жеке мәліметтерді асыра пайдаланып жатқанын мойындады, яғни технология компанияларына деген сенімсіздік шарықтау шегіне жетіп қалды. “Big Tech”-тің қалған абыройды сақтап қалар мүмкіндігі бар, бірақ бұл үшін олар жұмыс әдісін түбірімен өзгертуі керек. Мұнымен қоса олар он жыл бұрын қаржы секторын күйрете жаздаған қателіктерді жасамауы керек.

Қаржы дағдарысы кезіндегі алты қателік  технология саласында шешім қабылдаушыларға сабақ болуы тиіс. Біріншіден, тұтынушының сауатсыздығы шығынға ұшыратады. Тұрғын үй “көпіршігі” жарылардың алдында инвеосторлардың көбі ақша салып жатқан өнімдерінің мәнін түсінбеді, кейбірі тіпті бірдеңе сатып алып жатырмыз деп ойламады да. Тек пайдасына ғана мән беріп, қауіп-қатерін көзге ілмеген қаржылық журналистика осы надандықтың белең алуына жол берді.

https://prosyn.org/xazA0z6kk