children carrying water Barcroft Media | Getty Images

Дағдарыстан он жыл өткеннен кейінгі әлем экономикасы

ЛОНДОН – 2008 жылғы қаржы дағдарысының он жылдығы туралы көп айтылады, сондықтан жаһан экономикасына көбірек тоқталсам, және оның жағдайы көпшілік ойлағандай тым нашар емес. 

Халықаралық валюта қорының мәліметіне сенсек, 2000-2010 жылдар аралығында әлем ЖІӨ-сінің (инфляция есептелген) шынайы өсімі 3,7 пайызға жақын болды, бұл “үлкен депрессия” кезіндегі 4 пайыздық көрсеткішке жетеқабыл. Салыстырып қарасақ, осы онжылдықтағы жыл сайынғы орташа өсім – 3,5 пайыз, бұл – 2000-жылдардағыдан сәл төмен болғанымен, 1980, 1990-жылдардағы 3,3 пайыздан жоғары. 

Менің есептеуім бойынша, Қытай алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда бұл онжылдықта әлемдік дамуға ерекше үлес қосты. 2008 жылдың соңында оның ЖІӨ-сі 4,6 триллион доллар болса, бүгінде 13 триллон долларға жетіп, шамамен үш есеге өсті. Бұл қосымша 8 триллион доллар – соңғы онжылдықтағы әлемдік ЖІӨ өсімінің жартысы.

https://prosyn.org/rHjB1lukk