Facebook logo Sergei Konkov/Getty Images

Дезинформация ғасырының алты ерекшелігі

МЕНЛО ПАРК, КАЛИФОРНИЯ – Дезинформацияның, жалған ақпараттың және үгіт-насихаттың таралуына қатысты уайымның ұлғайғаны соншалық, біраз елдің үкіметі жаңа заң қабылдауды ұсынды. Бірақ ұсыныстардың көбі мәселенің түп-төркінін түсінбестен жасалып жатыр, әрі олардың біз күтпеген ауыр салдары мүмкін.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Биылғы маусымда Германия парламенті Facebook, Youtube сияқты белгілі сайттарда «хейт спич», зорлық-зомбылыққа шақыру сияқты «заңсыз екені анық» материалды 24 сағаттың ішінде алып тастамағаны үшін 50 миллион еуроға дейін (59 миллион АҚШ доллары) айыппұл салуды көздейтін заңды мақұлдады. Сингапур да «фейк» жаңалыққа тосқауыл қою мақсатында келер жылы осыған ұқсас заң қабылдайтынын хабарлады.

Шілдеде АҚШ конгресі басқа себептермен қоса «президент сайлауына ықпал ету мақсатында дезинформация науқанына қолдау білдіргені үшін» деп, Ресейге кең көлемде санкция салуды қолдады. Ресейдің мекемелері сайлау науқанына қатысты жарнамаларды сатып алғаны туралы нақты айғақтар жария болған бірнеше аптаның ішінде АҚШ Конгресі мен Facebook, Twitter және Google компанияларының арасында диалог күшейді.

Демократияның дұрыс жұмыс істеуіне кесірін тигізетін жалған ақпарат пен саяси полярланудың зиянды шеңберін бұзу үшін мұндай шаралардың қолға алынғаны өте маңызды. Бірақ, бұл заңдық шектеулердің барлығы сандық платформаларға бағытталғандықтан, олар көбіне бүгінгі дезинформация мен үгіт-насихаттың кешегілерден кем дегенде алты айырмасы бар екенін естен шығарып алады.

Біріншіден, қазір – ақпаратты әзірлеу мен тарату процесі демократияланған. Қорғаныс саласындағы зерттеулер жобасы агенттігін басқарған Рэнд Уалцманның жақында шыққан мақаласында айтылғанындай, бүгінде кез келген адам немесе топ басқалармен онлайнда еркін коммуникация жасап, оларға ықпал ете алады. Мұның жақсы жақтары бар, бірақ бұдан төнер қауіп те үлкен, ең алдымен мұнда қалыптасқан бұқаралық ақпарат құралы арқылы енгізілген журналистік стандарттар сақталмауы мүмкін. Дәстүрлі медианың қырағы бақылауы болмаса, саяси дискурс бұрынғыдай фактіге негізделген қалпынан айырылады.

Сандық ақпарат ғасырының екінші ерекшелігі, әрі демократиялану процесінің әсерінен пайда болған және бір құбылыс – ақпараттық әлеуметтену. Бұрын халық ақпаратты көп олқылықтары болғанына қарамастан, жалпы БАҚ стандарттарына жақын жұмыс істейтін дәстүрлі ақпарат құралдарынан алатын болса, қазір олар жаңалықты өзара бір-біріне тарата алады.

Мұндай өзара байланыстар материалды шынайылығына не маңыздылығына қарап емес, қанша рет оқылғанына немесе қанша адамның бөліскеніне байланысты алдыңғы орындарға шығарады. Оның үстіне, достар арасындағы байланыстың негізінде таралған ақпарат әркімнің біржақты ұстанымы қосылып, үстемеленіп, өзгеріп жетеді (дегенмен, мұның қаншалық қиын мәселе екендігі әлі толық анықталған жоқ). Яғни, модерациядан өткен ақпаратты тұтынуғы тиіс халық енді тым артық кетіп, өтірік те айтыла беретін, дау-дамай мен пікірталасқа толы ақпарат тасқынының астында қалады деген сөз. Бұл халықтың көп бөлігін адастырып, оларды бір-біріне қарсы қоюы мүмкін.

Бүгінгі ақпараттық ғасырдың тағы бір ерекшелігі – жаңалық пен оны таратқан дереккөздің, ақпараттық брендтің арасындағы байланыстың үзілуі. Бұрын оқырмандар супермаркеттің кассасында жатқан, сенім ұялатпайтын, сенсация қуғыш сары таблоид пен бұрыннан келе жатқан жергілікті не ресупбликалық басылымдардың арасындағы айырманы жақсы ажырататын. Ал бүгінде досыңыз немесе туысыңыз «Нью-Йорк таймстың» мақаласы мен конспирация теориясын қолдайтын кісінің блогын жіберсе, бұл екеуінің арасында бәлендей айырмашылықты сезбейсіз. Америка баспасөз институтының жақында жүргізген зерттеуіне сенсек, ақпараттың негізгі дереккөзіне қарағанда, оны жақындарыңның арасында кімнің жібергені маңызды рөл ойнайды.

Жалған ақпаратпен күресте есте сақтауға тиіс төртінші ерекшелік – ақпаратты әзірлеп, оны таратудың анонимділігі. Кейде онлайн жаңалықтардың ақпарат көзі түгіл, авторы да көрсетілмейді. Бұл мүдделер қақтығысын жасырып қалуға, мемлекеттік акторлардың басқа елдің ақпарат кеңістігіне қол сұққанын жоққа шығаруына мүмкіндік береді және боттардың кеңінен қанат жаюына жол ашады.

2015 жылғы бір зерттеуге сенсек, Интернеттегі трафиктің 50 пайызын боттар жасайды, Twitter-дің 50 миллион қолданушысы, ал Facebook-тың 137 миллион қолданушысы адамға тән әрекеттер жасамайды, яғни олар роботтар болуы мүмкін. Әрине, бұлардың арасында тұтынушыларға қызмет көрсетіп, ауа райы мәліметтерін уақытында жариялап отыратын «жақсы» боттар да бар. Бірақ онлайн ақпараттық жүйеде өз ойындарын ойнап, шектен шыққан көзқарастарды, жалған ақпаратты тықпалап, оларды көпшілік қабылдаған, ел ішіне кең тараған ақпарат ретінде ұсынатын «нашар» боттар да жетерлік.

Бесіншіден, бүгінгі ақпараттық кеңістік жеке адамдарғабағытталғанымен ерекшеленеді. Баспасөзбен, радиомен, тіпті телевидениемен салыстырғанда, Интернеттегі контентті әзірлеушілер оларды бірден белгілі бір адамдарға бағыттап жібере алады.

Жақында жарияланған зерттеу қорытындысына сенсек, «боттар армиясын, Facebook-тегі посттарды, автоматты түрде аудитория таңдауды және жалған ақпарат желілерін автоматтандырылған эмоциялық манипуляциямен біріктірсе, онда  Cambridge Analitica сияқты компаниялар жекелеген аудиторияға бағытталған, бейімделгіш және сендіргіш үгіт-насихат машинасын жасай алады. Мәселен, Дональд Трамптың сайлауалды тобы күн сайын 40-50 мың жарнамаға берілген жауапты бақылап, олардың ізін аңдып, әрқайсысына көңілі қалаған ақпаратты жіберіп отырған.

Стэнфорд университетінің құқық профессоры Нейт Персилидің сөзімен айтсақ, қазіргі ақпараттық экожүйені бұрынғыдан ерекшелендіріп тұрған және бір жайт – автономдық. Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желі платформаларының телевидение, баспасөз я радиодан айырмашылығы – олар өзін-өзі реттеп отырады. Және бұл реттеу процесі онша сәтті бола бермейді.  Соңғы бірнеше аптада АҚШ-тағы сайлауда жарнама жасау төңірегінде көп дау-дамай болғанына қарамастан, бұл платформалардың ешқайсысы осы саладағы жетекші мамандармен кеңескен жоқ, яғни проблеманы өз бетінше шешуге тырысып жатыр. Facebook, тіпті саяси жарнамаларға қатысты мәліметтерді қыркүйектің ортасына дейін жасырын ұстап келді, олар әлі күнге дейін басқа дезинформациялық материалдар туралы ақпарат бермей отыр.

Жағдайды одан сайын ушықтыратын саяси полярлану мен бөлшектенуді былай қойғанда, дезинформация мен үгіт-насихаттың таралуына уақытында тойтарыс беруге нақты мәліметтің аздығы кедергі келтіріп отыр. Мұндағы басты «айыпкер» - Facebook. Күніне 1,32 миллиард адам белсенді түрде қолданатын бұл әлеуметтік желінің ықпалы шексіз, соған қарамастан, бұл компания Интернет пен саясаттың арасындағы өзара байланыс туралы басты сұрақтарына жауап ала алмай отырған сырттағы зерттеушілерге ешқандай мәлімет бермей келеді. (Тек жалғыз Twitter ғана зерттеушілерге мәлімет беріп отырады).

Біз жалған ақпарат дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Оның табиғатын түсінуімізге қажет ақпаратты сол қызметті ұсынушылардың өздері ұстап отырғандықтан, біздің жалған ақпаратқа қарсы тұру үшін жасаған қарекетіміз дұрыс болмауы мүмкін. Олар нысананы дұрыс көздеп отырмағандықтан, бұл шаралар жағдайды жақсартудың орнына, бұрынғыдан да көп зиянын тигізуі ықтимал.

http://prosyn.org/d0CS6hp/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now