Clinton with Podesta Alex Wong/Getty Images

Сөз бостандығы және жалған ақпарат

ПРИНСТОН – Өткен қарашада АҚШ-тағы президент сайлауына бір аптадай қалғанда әлдекім «туиттерде» Хилари Клинтон педофилдер тобының мүшесі деген ақпарат жариялады. Бұл өсек әлеуметтік желі арқылы тарады, ал оңшыл ток-шоу жүргізуші Алекс Джонс Клинтонның балаға әлімжеттік жасау ісімен байланысы бар дегенді бірнеше мәрте қайталады, сонымен бірге ол Клинтонның сайлау кампаниясының басшысы Джон Подеста шайтани рәсімдерге қатысты дегенді де айтты. YouTube-ке салынған видеосына (кейіннен алынып тасталған) Джонс «Хиллари Клинтонның жеке өзі өлтіріп, балталап, зорлаған балалар» деп сипаттама жазды. Сайлауға төрт күн қалғанда салынған видео 400 мың мәрте қаралған.

WikiLeaks жариялаған электронды пошта мәліметтеріне қарасақ, Подеста анда-санда Вашингтондағы Comet Ping Pong деп аталатын пицца мейрамханасында ас ішіп тұрған. Сол себептен де балаларды зорлаушылар тобына қатысы бар деп әлгі мейрамханаға жала жабылды, тіпті #pizzagate деген арнайы хэштег те шықты. Бұл айыптауларды боттар, яғни, «белгілі бір типтегі хабарламаларды таратуға арналған бағдарламалар» тарата бастады, соның арқасында жұрттың көбі «Пиццагейтті» шынайы оқиға деп қабылдап жатқандай әсер қалдырды. Бір қызығы, сайланған президент Дональд Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болатын генерал Майкл Флинн де бұл жаңалықпен туиттерде бөлісті.

Тіпті Трамп сайланғаннан кейін де, New York Times және Washington Post басылымдары жоққа шығарғанына қарамастан, бұл ақпарат таратыла берді. Comet Ping Pong мейрамханасына қайта-қайта қорқытып, қорлап, телефон шалатындар жиілеп кетті. Менеджері Колумбия округінің полициясына шағымданғанда, ол «бұл өсектің өзі – конституциямен қорғалған сөз бостандығының белгісі» деп жауап берген.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/gkv2KSl/kk;