

Fifteen years after the collapse of the US investment bank Lehman Brothers triggered a devastating global financial crisis, the banking system is in trouble again. Central bankers and financial regulators each seem to bear some of the blame for the recent tumult, but there is significant disagreement over how much – and what, if anything, can be done to avoid a deeper crisis.
НЬЮ-ЙОРК – Facebook-тың негізін қалаушылардың бірі Крис Хьюз (Chris Hughes) қоғамның Facebook-ты қадағалау жағынан тым кеш қалғанын және «олардың бұған дейін бұл сұрақтардың көбіне жауап бермегеніне таңқалғанын» айтты. Ақпараттық технология саласының көшбасшылары, әсіресе Еуропа өкілдері көп жылдан бері Facebook-тің өз мүмкіндікерін асыра пайдаланып жатқанын айтып келген еді. Олардың идеялары мен тәжірибелік ұсыныстары қазір әсіресе өзекті болып отыр.
Facebook-тың бас директоры Марк Цукербергтің (Mark Zuckerberg) АҚШ сенатында сұрақтарға жауап беруі қолданушылардың жеке мәліметтерімен жұмыс істейтін компанияға деген сенімді көп арттыра қоймады. Сол кездесудің ең қызық тұсы – Иллинойс сенаторы Ричард Дурбиннің (Richard Durbin) Цукербергке қойған сұрағы болды. Ол Цукербергтен: «Сіз жатқан қонақүйдің аты мен осы аптада хат жазысқан адамдардың тізімі түгелдей Facebook-ке беріп, мұны ол өз қажетіне қолданса, бұл сізге ұнар ма еді?» деп сұрады. Цукерберг мұндай ақпаратты бергісі келмейтінін айтты. «Меніңше, мәселенің бәрі – осында. Сіздің жеке өмірді құпия ұстау құқығыңызда», – деді Дурбин.
Facebook-ты сынаушылар бұл мәселені жылдар бойы айтып келеді. Еуропаның ең беделді IT сарапшысы әрі онлайн жеке өмірді қызғыштай қорғаушылардың бірі Стефано Кинтарелли (Stefano Quintarelli) Facebook-тың нарықтағы мүмкіндігін асыра пайдаланып, онлайн жеке мәліметтерді басқа мақсатқа қолданып жатқанын айтып дабыл қағып келеді. Ол біраздан бері мынадай мықты идеяны ұсынып жүр: Түрлі порталдарға оңай ауыса беретін онлайн профилімізге өзіміз иелік етуіміз керек. Егер бізге Facebook ұнамай қалса, онда біз Facebook-та қалған контактілерімізбен байланысты үзбестен, басқа бәсекелес компанияның желісіне ауысып кете алуымыз қажет.
To continue reading, register now.
Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.
Subscribe
As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.
Register
Already have an account? Log in