Amelie Querfurth/AFP/Getty Images

Еуроаймақ реформаларды қабылдайды немесе ғайып болады

ОКСФОРД – Францияда реформаларды жақтаған орталықшыл президенттің билікке келуі және Германия канцлері Ангела Меркельдің қайта сайлануы өте ықтимал болған сәтте, Еуропада  тоқтап қалған бір-валюта жобасының қайта жандануына үміт бар ма? Мүмкін, бар шығар, бірақ оған қарағанда, борыш әсерінен тоқтап қалып тұратын баяу экономикалық өсудің тағы бір онжылдығының орын алуы ықтимал көрінеді. Бюджет және банк одағын құруға қарай бел буып, көшу орын алса  жағдай әлдеқайда жақсырақ болар еді. Бірақ, тұрақтылық пен орнықтылықты нығайту саясаты болмаған кезде, ақырында ыдырауға жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады.

Рас, жақын болашақта, оптимизм үшін көп себеп бар. Өткен жылы, еуроаймақ кез келген басқа да ірі озық экономикаға қарағанда, артқан үміттерден асып өтіп, оның қатты циклдік қалпына келуі орын алды. Және Эммануэль Макронның сайлануы, Францияның қайта жандандыруы болып, оның экономикасының өсіп, еуроаймақты басқаруда Германияға толық және тең әріптес болуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға болып табылады. Макрон және оның экономика мәселелері бойынша тобында үміт берерлік жоспарлар көп, сонымен қатар осы ойларын іске асыру үшін Ұлттық Ассамблеяда да көпшілік қолдауы бар (егер немістер одан реформаларды жасау уәдесіне бюджет тапшылығын кешірсе, онда тіпті тамаша болар еді).

Бірақ бәрі ондай керемет емес. Греция тарихындағы ең қиын құлдырауды бастан кешіргеннен  кейін әлі де әрең қалпына келіп жатыр, және осыған немістердің қатты үнемдеуі кінәлі деп ойлайтындар сандарға көз шалсын, онда олар Грецияның солшыл АҚШ экономистерінің қолдауымен қазіргі кездегі ең жұмсақ құтқару пакетін дұрыс қолданбағанын түсінер еді. Италия жағдайы Грецияға қарағанда әлдеқайда жақсырақ, бірақ бұл күмәнді комплимент, себебі нақты табыс мөлшері он жыл бұрынғыға қарағанда төмен (мемлекеттің ауқымды қалтарыстағы экономикасын ескере отырып, нақты сандарды көрсету қиынға соғады). Тұтастай оңтүстік Еуропа үшін, бірыңғай валюта үлкен алтын тордай болды, ол фискалдық және монетарлық туралыққа мәжбүрлей отырып, бірақ күтпеген сілкіністерге қарсы сыни жастық ретінде айырбас бағамын алып тастады.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

Get unlimited access to PS premium content, including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, On Point, the Big Picture, the PS Archive, and our annual year-ahead magazine.

http://prosyn.org/VSGc26Y/kk;

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated cookie policy and privacy policy.