Emmanuel Macron and President of the European Commission Jean-Claude Juncker John Macdougall/Getty Images

Еуроаймақтың алдында тұрған үш түрлі жол

ВАШИНГТОН – Қызу жыл өткен соң саяси жағдай Еуропа бойынша тұрақтанған тәрізді. Германияның соңғы федеральды сайлауларында оңшыл радикалды бағыттағы "Германия баламасы" атты партия (Alternative für Deutschland (AfD) 13% дауыс жинағанымен, бұл канцлер Ангела Меркельдің басшылығына елеулі қатер төндірмейді. Еуропалық жобаның тағы бір тірегі болған Францияда президент Эммануэль Макрон парламенттағы көпшіліктің қолдауына сенімді. Брекситке қатысты белгісіздікке қарамастан, Еуропалық Одақ қандай да болмасын жоспарларын енді мүшелері арасында Ұлыбританиясыз іске асыратын болады.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Қазір ЕО яғни еуроаймақтың алға қарай қандай жол таңдайтыны маңызды. Негізі, үш мүмкін жол бар.

Бірінші жол - өткен айда Еуропалық Комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер өзінің одақтық жолдауында  айтып өткендей, «бірлігі мықтырақ одақты» таңдау. Юнкер Еуропалық Одақтың барлық мүшелерінің біртұтас қадам жасауын қолдайды және әр түрлі жылдамдықпен алға басқан Еуропадан бас тартуды ұсынды. Сонымен қатар, ол Шенген аймағын кеңейту үшін, Болгария мен Румынияны қосуды да қамтып өтті. Юнкер сондай-ақ, бірыңғай нарықта жалпылама әл-ауқат құқығын қолдайтын Еуропалық әлеуметтік стандарттар одағын құруды ұсынды.

Еуроға қатысты Юнкер оны тек таңдаулы елдердің валютасы ғана емес, Еуропа мен Еуроодақтың бірыңғай валютасы екенін айтты. Осыны ескере отырып, ЕО барлық мүше елдерде банктік ережелер мен қадағалау бірдей болатындай банк одағын құруға ұмтылу керек. Экономика және қаржы мәселелері жөніндегі комиссары Еуропалық қаржы министрі болып, ал Еуропалық тұрақтандыру механизмі Еуропалық валюта қорына айналуы керек.

Бір жыл бұрын осындай «қатаң» интеграцияға деген сенімділік жоқ еді; себебі, Ұлыбритания мұны ешқашан қолдамас еді. Бірақ Брексит орын алғандықтан, Юнкердің көзқарасы сенімге ие болды.

Дегенмен Юнкердің интеграцияға арналған біртұтас тәсілі әлі де қарама-қайшы мәселелерге толы болып қала береді. Сондықтан Макрон Еуропаның болашағы туралы өз өршіл көзқарасын айтып өткенде Юнкердің ұсыныстарының көбін қайталағанымен, бірақ, кем дегенде, орта мерзімді перспективада ЕО-дағы дифференциацияға көбірек мүмкіндік береді.

Мысалы, егер Польша еуронды қабылдағысы келмесе, оны мәжбүрлеуге болмайды және бұл шешім еуроаймақтағы басқа елдердің интеграцияға қарай жылжуына кедергі болмауы керек. Сондықтан Макрон еуропалық парламенттің барлық мүшелеріне қатысы жоқ мәселелерді шешетін жеке Еуроаймақ парламентінің болуын қалайды. Бүгінгі күні елдердің интеграция деңгейіндегі айырмашылықтары олардың барлығының түбінде ЕО-ның терең интеграцияланған «негізіне» енуіне кедергі болмайды.

Үшінші және, өкінішке орай, еуроаймақтың әбден таңдауы мүмкін болған жол, ол әдеттегідей шешім қабылдау болып табылады. Ұзақ уақыт бойы интеграцияны, ал кейбір жағдайларда, бөлектенуді қолдайтын дауыстарды тудырған экономикалық дағдарыс қазір әлсіреді, Еуроаймақтағы ЖІӨ-нің өсуі қазір 2% -дан асып, жұмыссыздық айтарлықтай төмендеді. Тіпті дағдарыс жағдайында қалып тұрған бір ел Греция да әлі де ақырындап алға басуда.

Бұл тұрғыда саясаткерлер, бұрынғыдай, дағдарыс кезеңінде жүргізілген реформалар жеткілікті деп, өршіл еуро аймақ реформаларын тоқтата тұруға шешім қабылдауы мүмкін. Бұлай жасау қазіргі жағдайда көбірек назар аударуды қажет ететін энергия, сандық технологияларды реттеу және көші-қон секілді басқа салаларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Егер саясаткерлер осы бағытты таңдаса, онда олар елеулі тәуекелдерге тап болады. Иә, қазір еуроаймақ жұмыс жасап жатыр, және басқа салаларда негізгі реформалар маңызды-ақ. Бірақ монетарлық тұрғыдан одақта әлі іргелі жетіспеушіліктер бар, мысалы, айырбас бағамын реттеумен айналыса алмай қалған елдер бойынша баға айырмашылықтарын болдырмайтын механизмдердің жоқтығы.

Осындай механизмдердің бірі қызмет көрсету салаларында жұмыс күшінің жұмылдырылғыштығын арттыру бола алар еді. Бірақ еуроаймақтағы елдер еңбек нарығын ырықтандыруға келіскен болса да, жұмысшылар мәдени және тілдік кедергілерге тап болады. Қалай болғанда да, мұндай механизм болмаса, соңғы экономикалық дағдарыстағы үрдістер тағы бір дағдарысқа да әкелуі мүмкін.

Экономикалық дағдарыстан кейін, егер болашақта өсіп келе жатқан баға айырмашылықтарының белгілері пайда болса, еуроаймақтағы елдер арасындағы пайыздық мөлшерлемелер айрмашылықтары да жылдамырақ өсетін болады; олар соңғы дағдарыстың алдында болған ескерту сигналынан да ертерек белгі береді. Дегенмен, қарыздың көп бөлігі сақталған және құтқаруға арналған қаражаттың көп бөлігі жұмсалғандықтан, тағы бір соққы аса қатерлі болуы мүмкін.

Мартин Вульф айтып өткендей, экономист Адам Леррик пайыздық мөлшерлемелердің кенеттен өзгеруінен пайда тапқан адамдар қаражаттың жартысын «қаржыландыру шығындарын тұрақтандыру есепшотына» аударып, ал пайыздық мөлшерлемелер өтемпұлы төмендегенде сол ақшаны қайта ала алатын схеманы ұсынған. Бірақ Еуроаймақтың басқа да реформалары секілді, мұндай схема еуроаймақ мүшелерінің арасында келісім бойынша іске асырылуы керек.

Меркель жаңа коалициялық үкімет құрып жатқандықтан, алдағы жылдарда Еуропа интеграцияға қандай жолды таңдарын нақты айту мүмкін емес. Бірақ, оның коалициясының еуроскептик еркін демократтар және протекционистік жасылдарды қамту ықтималдығын ескере отырып, өзінің христиан-демократтарын да қоса алсақ, оның бүкіл Еуроодақ үшін өршіл интеграциялық мақсаттарды жылдам іздестіруі екіталай болып тұр.

Неғұрлым мүмкін боларлық сценарий - бұл еуроаймақ елдерінің алға жылжуына мүмкіндік беретін көп сатылы схемасы, ол бойынша кейбірі интеграцияға қарай алға басып, басқалары болса күте тұра алады. Нәтиже керемет болмас, бірақ статус-квоға қарағанда әлдеқайда жақсы болары анық.

http://prosyn.org/sbPTJsT/kk;

Handpicked to read next

  1. Chris J Ratcliffe/Getty Images

    The Brexit Surrender

    European Union leaders meeting in Brussels have given the go-ahead to talks with Britain on post-Brexit trade relations. But, as European Council President Donald Tusk has said, the most difficult challenge – forging a workable deal that secures broad political support on both sides – still lies ahead.

  2. The Great US Tax Debate

    ROBERT J. BARRO vs. JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS on the impact of the GOP tax  overhaul.


    • Congressional Republicans are finalizing a tax-reform package that will reshape the business environment by lowering the corporate-tax rate and overhauling deductions. 

    • But will the plan's far-reaching changes provide the boost to investment and growth that its backers promise?


    ROBERT J. BARRO | How US Corporate Tax Reform Will Boost Growth

    JASON FURMAN & LAWRENCE H. SUMMERS | Robert Barro's Tax Reform Advocacy: A Response

  3. Murdoch's Last Stand?

    Rupert Murdoch’s sale of 21st Century Fox’s entertainment assets to Disney for $66 billion may mark the end of the media mogul’s career, which will long be remembered for its corrosive effect on democratic discourse on both sides of the Atlantic. 

    From enabling the rise of Donald Trump to hacking the telephone of a murdered British schoolgirl, Murdoch’s media empire has staked its success on stoking populist rage.

  4. Bank of England Leon Neal/Getty Images

    The Dangerous Delusion of Price Stability

    Since the hyperinflation of the 1970s, which central banks were right to combat by whatever means necessary, maintaining positive but low inflation has become a monetary-policy obsession. But, because the world economy has changed dramatically since then, central bankers have started to miss the monetary-policy forest for the trees.

  5. Harvard’s Jeffrey Frankel Measures the GOP’s Tax Plan

    Jeffrey Frankel, a professor at Harvard University’s Kennedy School of Government and a former member of President Bill Clinton’s Council of Economic Advisers, outlines the five criteria he uses to judge the efficacy of tax reform efforts. And in his view, the US Republicans’ most recent offering fails miserably.

  6. A box containing viles of human embryonic Stem Cell cultures Sandy Huffaker/Getty Images

    The Holy Grail of Genetic Engineering

    CRISPR-Cas – a gene-editing technique that is far more precise and efficient than any that has come before it – is poised to change the world. But ensuring that those changes are positive – helping to fight tumors and mosquito-borne illnesses, for example – will require scientists to apply the utmost caution.

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now