5

Еуропаның таңқаларлық технологиялық жетістігі

БРЮССЕЛЬ – Еуропаны жиі Америка Құрама Штаттары мен Азиядан сандық технологиялар саласы бойынша алыс артта қалып қойған деп санайды. Бірақ шын мәнінде, Atomico атты Лондондағы венчурлық фирманың жаңа зерттеу жұмысына сәйкес, Еуропалық стартаптар қазір жасанды интеллект, жаңа технологиялық торап құру, және дәстүрлі өнеркәсіптік алыптардан инвестициялар тарту тәрізді салаларда алда келе жатыр. Өткен жылы 2011 жылы 2,8 млрд  доллармен салыстырғанда, рекордтық 13,6 млрд доллар Еуропаның технологиялық секторына инвестицияланды.

Табысты АҚШ компанияларын қайталап жасалған, негізінен тұтынушыларға бағытталған электрондық коммерция бизнесінен құралған Еуропаның «технологиялық» секторы қазір ондай жағдайда емес. Бүгін Еуропа нақты жаңашыл инновациялардың отаны болып табылады. Олардың ішінде, Atomico «терең технологиялық» (“deep tech”) деп аталатындарды ерекше атап өтуге болады, мысалы Google-дың DeepMind компаниясы әзірлеген жасанды интеллект түрі. 2015 жылы терең технологияларға 289 млн доллар құраған Еуропалық венчурлық инвестиция салынды, олар 82 траншпен жеткізілді. Бұл 2011 жылы 55 траншты құраған 1,3 млрд доллардан әлдеқайда көп.

Еуропаның жаңа технологиялық хабы бастапқы техно орталықтар Лондон, Берлин және Стокгольмдан алыс күтпеген жерлерде пайда болуда. Atomico алдағы жылдары аса назар аударуға тұрарлық деп Париж, Мюнхен, Цюрих және Копенгаген қалаларын атап өтті. Франция астанасы, Atomico көрсетіп өткендей, қазірдің өзінде венчурлық капиталмен қаржыландырылатын мәмілелер саны мен көлемі бойынша Лондон және Берлинмен бәсеке түсе бастады.

Еуропаның дәстүрлі өнеркәсібі де қазір технологиялар саласына назар аударып отыр. Нарықтық капиталдандыру бойынша Еуропаның ең ірі корпорацияларының үштен екісі кемінде бір технологиялық компанияға тікелей инвестиция жасады. Ал 2015 жылдың басынан бері осы компаниялардың үштен бірі кем дегенде бір технологиялық компанияны сатып алды.

Шетелдік фирмалар да Еуропаның технологиялық талант артықшылығын  қолдануға асығуда. Google, Facebook және Amazon өздерінің еуропалық технологиялық орталықтарын кеңейтуді жариялады. Өткен жылы осы секторда 88 млрд доллардан астам мәмілелер жасалған, ал 2014 жылы ол тек 3,3 млрд доллар ғана болған. Олардың ішінде жапондық SoftBank британдық ARM жартылай өткізгішті жобалау фирмасын және американдық Qualcomm-ның NXP Semiconductors компаниясын 47 млрд долларға сатып алғаны да бар.

Boston Consulting Group зерттеуі бойынша, шағын экспортқа бағдарланған көптеген ЕО мүше елдер, атап айтқанда, Бенилюкс, Балтық және Скандинавия елдері, «интернет қарқындылық» рейтінгі бойынша АҚШ-тан әлдеқайда жоғары сатыда орналасқан, бұл IT инфрақұрылымы, Интернетке қатынау, сондай-ақ бизнес, тұтыншылар және үкіметтің интернетпен байланысты қызметке қатынауын өлшейтін рейтинг.

Бұл «сандық технологиялар көшбасшылары» Еуропаның үлкен бестігіндегі (Германия, Франция, Италия, Испания, және Ұлыбритания) 5 пайызбен салыстырғанда, интернет арқылы ЖІӨ-нің шамамен 8 пайызын шығарады. Цифрландыру процесі арқасында 2015 және 2020 жылдар арасында осы елдерде жойылғанға қарағанда 1,6 млн және 2,3 млн астам жаңа жұмыс орындары жасалады деп күтілуде.

Әрине, Еуропаның технологиялық секторының әлі де әлсіз жақтары бар, мысалы Силикон алқабының алыптарымен бәсекелестікке түсе алатын өз технологиялық алыптарын әлі де жасай алмай жатыр. Еуропалық технологиялық кәсіпкерлерлерге стартаптарына қаражат жинау олардың американдық әріптестерімен салыстырғанда сондай-ақ жеңіл, бірақ АҚШ-тың фирмалары бизнестің кешірек даму кезеңдерінде 14 есе көп капиталға қол жеткізе алады. Еуропалық зейнетақы қорлары инвестицияларға капиталының жай 0,6 пайызын ғана бөлгенде, осы қаржыландыру тапшылығын жоюға болар еді.

Тағы бір әлсіз жақ ретінде, нағыз еуропалық бірыңғай сандық нарықтың жоқтығын атап кетуге болады. АҚШ немесе Қытайда технологиялық кәсіпкерлер жаппай үлкен нарыққа оңай қол жеткізе алады. Ал Еуропада, олар әлі күнге дейін 28 түрлі тұтыну нарықтарын және реттеу режимдерін шарлауы керек.

Еуропалық комиссия екі жыл бұрын бірыңғай сандық нарығын құруға уәде берген. Болжамдар бойынша, бұл ЕО экономикасын жыл сайын 415 млрд евроға ($ 448.5 млрд) арттыру мүмкіндігін берер еді. Бірақ Open Political Economy Network-тағы Хосук Ли-Макияма и Филипп Легрен жақында нәтижелерді қатты сынады. Олардың пікірінше, Еуропаның «бірыңғай сандық нарығы» қазіргі уақытта «тұтынушылар емес, өндірушілерді; шағын емес, ірі компанияларды; сандық стартаптар емес, дәстүрлі нарық ойыншыларын жақтаған, және ЕО фирмаларын шетел фирмаларынан жоғары қойған корпоративистік, тиімділікке қарсы, ескірген ретсіз өнеркәсіптік нормалар жиынтығын құрайды».

ЕО либерализация емес, басқару мен реттеуді қалайды. Мысалы, авторлық құқық қорғау жағдайларын қоспағанда, онлайн сатудан бас тарту немесе тұтынушының тұрғылықты жеріне байланысты түрлі бағаларды белгілеуге компанияларға тыйым салу бойынша жұмыс жасалуда. Деректерді де басқару, яғни оларды иелену құқығы, еркін қол жеткізу мен қолдануға байланысты қауіпті жағдайлар да келе жатыр.

Аталған тәуекелдерге қарамастан, Еуропаның технологиялық секторындағы жалпы үрдіс қуантарлықтай оң болып табылады. Континенттің тәуекелге жаңа тәбеті ашылғандай; Atomico зерттеуі бойнынша, Еуропадағы стартаптардың негізін қалаушылардың 85 пайызы жеке бизнесті бастау «мәдени тұрғыдан орнықты» деп айтқан. Бұған мықты зерттеу талантын қоссақ (жаһандық ең күшті он информатика факультеттерінің бесеуі ЕО-да орналасқан), Еуропаның старт-ап cерпілісі тұрақты көрінеді.

Саяси оптимизм үшін де негіз бар. Еуропаның сандық көшбасшылары  мықты топты құра бастады: Даниядан Ирландия және Эстонияға дейін созылған, шағын 16 ЕО елдері интернетті қорғау тобын құрды. Бірге, бұл елдер ЕО-ны деректерді локализациялау талаптарына тыйым салуға шақырған.

АҚШ протекционизм, оқшаулану және артқа тарту саясатын жүргізіп жатқан уақытта, Еуропа инновациялық және болашаққа ұмтылған экономикалық күш ретінде жандануда. Енді, артта қалған деп саналған ЕО, керісінше, интернеттің нағыз экономикалық әлеуетін ашуға жол тапқан көшбасшыға айналса, нағыз қызық сонда болар?