soros115_ Lukas SchulzeGetty Images_orban kaczynski Lukas Schulze/Getty Images

Еуропа Венгрия мен Польшаға қарсы тұра алуы керек

НЬЮ-ЙОРК – Венгрия мен Польша Еуроодақтың жеті жылдық бюджеттік жоспарлауы (1,15 триллион еуро, 1,4 триллион доллар)  мен экономиканы қайта қалпына келтіруге арналған 750 млрд еуро сомасындағы Еуропалық қорға вето қойды. Бұл екі ел Еуропа бюджетінің ірі бенефициар иелері болып табылады, бірақ Еуропарламент шешімі бойынша қабылданған ЕО-тың заңына бағынуға қарсы шығып отыр. Венгрия, Польша заңның үстемдік қағидатын бұзып отырғанын біледі және оның салдарына жауап бергісі келмейді.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен Польшаның іс жүзіндегі басшысы Ярослав Качиньский заң үстемдігінің қандай да бір абстрактілі тұжырымдамасына қарсы шығып жатқан жоқ, – заң  олардың жеке және саяси сыбайлас жемқорлығын шектейді-мыс. Заңға бағынғысы келмейтін қос саяси ойыншыға вето құқығы амалсыздың авантюрасына айналды.

Бұрын –соңды болмаған екі елдің бұл әрекеті Еуропа халқының Covid-19 індетінен қатты зардап шегіп жатқан уақытымен тұспа-тұс келді, сондай-ақ, Еуроодаққа мүше елдерді абдыратты. Дегенмен барлығы таңданып біткен соң жан-жақты толық сараптама жасалып, нәтижесінде мәселені шешудің амалы табылды. 

Заңның үстемдік қағидатын сақтау туралы ереже қабылданып қойған. Егер жаңа бюджет туралы келісім бекітілмесе, жыл сайын бюджет туралы ескі келісімнің (2020 жылдың соңында аяқталады) мерзімі ұзартыла береді. Венгрия мен Польша бұл бюджет бойынша ешқандай төлем ала алмайды, өйткені екі ел үкіметі заңға бағынбай отыр.

 «ЕО Жаңа буын» деп аталатын экономиканы қайта қалпына келтіру қоры Ги Верхофстадт ұсынысына сәйкес ауқымды бірлескен шараларды қолдану арқылы  өз жұмысын бастай алады. ЕО осы жолды таңдаса, Орбан-Качиньский ветосына қатысты мәселені шешуге мүмкіндік бар. Осы арада Германия канцлері Ангела Меркель өнегесіне қарап Еуроодақ қажетті саяси ерік-жігер таныта ала ма деген сұрақ туындайды.

Заң үстемдігінің негізінде құрылған ашық қоғам моделі ретінде Еуроодақтың адал жақтаушысымын. Шығу тегім венгрлық еврей болғандықтан 30 жылдан астам уақыт қайырымдылықпен айналысқан Венгрия еліндегі қазіргі ахуал мені қатты алаңдтады.

Subscribe to Project Syndicate
Bundle2021_web_discount

Subscribe to Project Syndicate

Enjoy unlimited access to the ideas and opinions of the world's leading thinkers, including weekly long reads, book reviews, and interviews; The Year Ahead annual print magazine; the complete PS archive; and more – All for less than $9 a month.

Subscribe Now

Орбан еш жазасыз елді тонау мақсатында Венгрияда тамырын тереңге жайған клептократиялық жүйе құрды. Оның отбасы,достарын қандай жолмен байытқанына қатысты нақты баға беру қиын, дегенмен жақындарының барлығы дерлік өте ауқатты. Бүгінде Орбан Венгрия конституциясы мен сайлау туралы заңға түзетулер енгізу үшін Covid-19 індетінің жаңа толқынын өз пайдасына асырмақ. Және заңға түзетулер енгізіп, конституциялық құралдар арқылы өмір бойына премьер-министр болмақшы. Бұл – Венгрия халқы үшін үлкен трагедия.

Орбанның Венгрия халқын қалай тонап жатқаны туралы бірнеше мысал келтіріп өтсем. Ол өзі жанама басқаратын бірқатар жеке қорларға мемлекеттік қаржы есебінен үлкен сомада ақша аударған. Конституциялық айласын асырып, Орбан енді бұл активтерді қоғамдық меншіктен біржола алып тастайды; оларды Венгрия халқына қайтару үшін парламенттік көпшіліктің үштен екісі қажет. Ал жалпы активтерге қатысты қаржы көлемі шамамен  2,8 млрд долларды құрайды.

Бірқатар алаяқтық қаржы транзакцияларынан соң Орбанға жақын компаниялар Венгрия атынан 16000-нан астам жасанды тыныс алу аппаратын 1 миллиард долларға сатып алды; олардың жалпы саны реанимациядағы орындар мен сол орындарды басқара алатын медицина қызметкерлерінің санынан әлдеқайда асып түсті. Халықаралық сауда статистикасының сараптамасына сәйкес, Қытайдың жасанды тыныс алу аппараттарын Венгрия Еуроодақ бойынша ең жоғары бағаға сатып алған. Германиямен салыстырғанда 50 есе көп төлем жасалған.

Аталған компаниялардың бірі Словениядан да тапсырыс алды. Ал Словения премьер-министрі Янез Янша - Орбанның ең жақын саяси одақтасы. Осы орайда Еуропа Одағының алаяқтыққа қарсы күрес бюросы ЕО-ның тоналғанын я тоналмағанын анықтайтын тергеу жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ, Ресей вацинасын жеткізу туралы таяда жасалған келісімшарт та тексерісті талап етеді. Өйткені, Венгрия Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып осы вакцинаны қолданбақ.

Орбан жасаған әрекеттеріне жауапты болудан бас тартып, 2019 жылы өткен жергілікті сайлау нәтижесі қайталанбас үшін барлық шараларды қарастыруда. 2019 жылы «Фидес» партиясы Будапешт және Венгрияның өзге ірі қалаларындағы муниципалды билікті бақылаудан айырылды. Орбан Будапештті барынша қаржы ресурсынан айырғысы келеді. Сол себепті әлеуметтік арақашықтықты сақтауға қажет жаңа транспорт алу үшін Будапешттің Еуропа инвестициялық банкінен несие алуға жасаған өтінішіне вето қойды. Қазірге таңда Будапештің 2021 жылға арналған бюджетінде 290 млн доллар көлеміндегі дефицит күтілуде. Жергілікті билігі «Фидес» бақылауынан кеткен басқа да қалаларда осындай жағдай орын алуы мүмкін.

Венгрияның оппозициялық партиялары 2022 жылғы сайлауға қатысатын үміткерлердің жалпы тізімін құру арқылы Орбанға қарсы тұрып, батыл қадам жасауға ниетті. Бірақ олардың табысқа жетуі неғайбыл, себебі Орбан ережелерді ешбір ескертусіз өзгерте салуға әдеттенген. Бұған дейін де бірнеше мәрте осылай болған. Індет өршіп, Будапештте коменданттық сағат басталып, қарулы жасақ көше торуылдап жүрген кезде Орбанның сайлау заңнамасына өзгерістер енгізуді жоспарлауы кездейсоқтық емес.

Сонымен қатар, Орбан ауылдық аймақтарды да тұтас өз бақылауына алған. Ал Венгрия азаматтарының басым бөлігі ауылды жерлерде тұрады. Орбан ол жерде таралатын ақпаратты жіті қадағалап отырады; ауылдардың көпшілігінде дауыс беру мүлдем құпия өтпейді. Жалпы сайлауда оппозицияның жеңіп шығуы ықтималдығы өте төмен.

Бұл жағдайда Венгрияға тек Еуроодақ қана көмектесе алады. Мысалы, ЕО қор қаражатын тікелей Венгрияның жергілікті билігіне бөліуі керек. Себебі, ұлттық деңгейден гөрі жергілікті билік  органдарында әлі де демократия бар.

ЕО заңның үстемдік қағидатына қатысты мәселеде ымыраға келуі мүмкін емес. Оның Орбан-Качинский әрекетіне берер жауабы одақтың өз принциптеріне адал,  ашық қоғам болып қала ма, жоқ па дегенді анықтайды.

https://prosyn.org/h2e2uMLkk