UK Manufacturing Matt Cardy/Stringer

Индустриялық стратегияның қайта оралуы

ЛОНДОН – өнеркәсіптік саясат көптеген дамыған экономикаларда қайта орнап жатыр. 1980-шы жылдары өткен он жылдықтағы тоқырау себепшісі ретінде қолданыстан шығарылып, ол барған сайын оңшыл популистік партиялардан жұмысшы таптағы сайлаушылардың бас тартуының бағаналы құралы ретінде қарастырылып жатыр. Бірақ қазіргі заманға сай, тиімді өндірістік стратегияны әзірлеу оңай іс болмайды.

Еуропалық Одақ, 2014 жылы өзінің индустриялық саясатының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы жасаған талдауы жарияланғаннан бастап, осы тақырыпты шешу үшін дәйекті құрылымды анықтауға тырысып жатыр. Ұлыбритания қаңтар айында өнеркәсіптік стратегияны құру туралы “жасыл қағазды” шығара отырып, бір қадам алға басып келе жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп, сондай-ақ, өнеркәсіп саясатына назар аударды, бірақ оның нұсқасы елеулі үкімет араласуын және протекционистік шараларды бірге алып жүретін тәрізді.

Трамптың регрессивті көзқарасы нақты емес және қазірдің өзінде қате болып көрінеді. Бірақ Еуропаның өнеркәсіптік стратегиясына қолданған кейбір тәсілдері үміт берерліктей, себебі олар «жеңімпаздарды таңдауды» аса атаған өткен уақыттағы кең араласудан аулақ. Мысалы, Ұлыбританияда, үкімет «мақсатты араласуға» назар бөледі, себебі ол арқылы оң ынталандыру, нарықтық кемшіліктерді түзету, сондай-ақ, әлеуметтік, географиялық және салалық теңгерімсіздіктер проблемасын шешді көздейді. Әлбетте, саяси көшбасшылар тарихтан кейбір маңызды сабақ алды-ау.

https://prosyn.org/D2LJFBvkk