james154_Pool BENAINOUSTINACCIGamma-Rapho via Getty Images_silk road Pool/Benainous/Tinacci/Gamma-Rapho via Getty Images

Ескі де жаңа жаһандану

ПРИНСТОН – Бір кездері жұрттың бәрі “жаһандану” деген бірегей құбылыс бар деп санады, ал ол кезде қаржы капиталының шекаралардың кесіп өтуі инновацияны, индустрияны, даму мен сауданы ілгерілетуге үлес қосып жатты. Алайда, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің “Бір белдеу – бір жол” (БББЖ) бастамасы интеграцияланған физикалық инфрақұрылым жүйесі негізінде  жаһандануға балама көзқарас ұсынды. Материалдық емес қаржы әлемін кемелер мен пойыздардың материалдық әлемі басады.

Си Цзиньпин БББЖ – Батыстың басшылығымен жүрген ескі әрі тұрақсыз жаһандануды тарихтың қоқысына тастаудың тіке жолы деп қарады, сонымен бірге Қытайдың шығыс жағалауында ауқатты да білімді элита қалыптасып, экономикалық даму да осы жағалауға шоғырланғандықтан, ол осы ішкі мәселені де шешуге ниетті. Әлеуметтік тұрақтылық болуы үшін Қытайдың қарқынды дамуының жемісі бүкіл ел аумағына бірдей таралуы тиіс.

Бұл, әрине, тек Қытайдың мәселесі емес. Тарихи тұрғыдан қарасақ, әлемдік деңгейдегі маңызды қалалар үнемі жағалауда орналасады: олар не теңіз, мұхит жағасында, не кеме жүретін өзен бойында қоныс тебеді. Бірер ғасыр бұрын Амстердам, Антверпен, Генуя, Венеция және тіпті ежелгі Афины мен Тир әлемнің коммерциялық орталықтары қызметін атқарған. Ал бүгін Лондон, Нью-Йорк, Токио, Гонконг, Шанхай, Дубай, Сидней және Рио-де-Жанейро сияқты метрополиялар сондай рөл ойнап келеді.

https://prosyn.org/Z54wBUEkk