soros116_Ralph OrlowskiGetty Images_euro ecb bonds Ralph Orlowski/Getty Images

Еуропаның қаржы дәрменсіздігіне тиімді жауап қату

НЬЮ-ЙОРК – Еуроодақтың мерзімсіз облигация шығаруын қалайтыным туралы көп жазған едім. Ал бүгін одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысының солай жасауын ұсынамын.

Қазіргі уақытта Еуроодақ мерзімсіз облигация шығара алмайды, себебі одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінен тым ажырап кеткен. Польша мен Венгрия ЕО-ның келесі бюджеттік жоспарлауы мен COVID-19 экономиканы қайта қалпына келтіру қорына вето қойды, ал «Үнемшіл бестік» (Frugal Five) аталатын Австрия, Дания, Финляндия, Нидерланды мен Швеция елдері жалпыға ортақ игілікке жұмылғаннан гөрі көбіне ақша үнемдеуге  мүдделі. Инвесторлар болашағы бар деп сенетін субьектілерден ғана мерзімсіз облигация сатып алуға дайын.  Бұл 18- ғасырдағы Ұлыбритания (жиынтықталған облигация шығарған) мен 19 ғасырдағы (жеке мемлекеттердің қарызын консолидациялаған) АҚШ турасында шындыққа жақын дүние. Өкінішке орай, қазіргі ЕО-қа мұның қатысы жоқ.

ЕО-ның  жағдайы өте ауыр. COVID-19 індетінің екінші толқыны алғашқысымен салыстырғанда мүлдем тығырыққа тіреп, біршама қиындық туғызды. Одаққа мүше елдер қаржы қорының басым бөлігін пандемияның бастапқы кезінде жұмсап қойған. Денсаулық сақтау саласын қамтамасыз етіп, экономиканы жандандыру үшін жаңа бюджет пен «ЕО Жаңа буын» деп аталатын экономиканы қайта қалпына келтіру қорындағы 1,8 трлн еуродан (немесе 2,2 АҚШ доллары) әлдеқайда көп қаражат қажет. Ал Венгрия мен Польша вето қойған соң аталған аталған қаражат кешіктірілді.

https://prosyn.org/NSsEVAckk