President of Turkey Recep Tayyip Erdogan and his wife Emine Erdogan Kayhan Ozer/Anadolu Agency/Getty Images

“Ұлы Ердоған дәуірінің” қиындықтары

СТАМБҰЛ – Жексенбі күні өткен ұлттық сайлауда 53 пайыздай дауыс жинаған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің жалпыхалықтық сайлауда сайланған тұңғыш президенті болу масқатына жетті. Бір жыл бұрын Ердоған конституцияға өзгерістер енгізіп, Түркияны парламенттік демократиядан орталықтандырылған президенттік жүйеге айналдырған. Енді сол өзгерістер толық күшіне енбек.

Конституцияға енген өзгерістер Ердоғанның вице-президенттерді, министрлерді және басқа да лауазымды басшыларды тағайындауына мүмкіндік береді. Енді ол парламентті таратып, партияға мүше бола алады, жоғары лауазымды судьяларды тағайындауда шешуші пікір айтады, заң күші бар жарлық шығарып, елде төтенше жағдай жариялай алады. Былтыр сәуірде аз ғана басым дауыспен қабылданған конституциялық өзгерістер нәтижесінде премьер-министр лауазымы алынып тасталды.  Алдағы бес жылда Ердоған Түркияның мемлекет басқарушысы, биліктегі Әділет және даму партиясының (АКР) жетекшесі және үкімет басшысы қызметтерін атқарады.

Ердоған позициясын жақсы сақтап қалды, себебі бұрынғы ереже бойынша ерте сайлау өткізу үшін президент парламент депутаттарының үштен екісінің дауысын жинауы керек. АКР парламенттегі орындардың жартысынан астамын ғана алып отырғандықтан, ол жеңіске жете алмас еді. Сөйтіп, ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бәсекелі сайлау өткізе бастағалы бергі елдің ең ықпалды басшысына айналды. Түркияның ішкі және сыртқы саясаты енді тек бір адамның көзқарасымен шешіледі.

https://prosyn.org/vC6qS7Fkk