stop killing press Soe Than WIN/AFP/Getty Images

Журналистерді өлтіруге тосқауыл қояйық

НЬЮ-ЙОРК – Қылмысты әшкерелейтін журналистің үнін өшіру қанша тұрады? 2011 жылы Филиппинде мемлекеттік қызметкерге журналисті өлтіретін киллерді жалдауға бар-жоғы 250 доллар қажет болған. Ақпанда Словакияда Ян Куцяк пен оның қалыңдығын шамамен 80 мың долларға өлтірген.

Жемқор саясаткерлер мен қылмыстық топ басшылары үшін бұл екі сома да мардымсыз. Ал демократия үшін бұл – өлшеусіз шығын.

Жыл сайын көп журналист соғыс аймақтарында емес, репортаждарына бола өлім құшады.  Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) ақпарат жинай бастаған 1992 жылдан бері 1324 журналист қызмет барысында өлтірілген, және 849 тілші жұмысына бола өлім жазасына кесілген. Бұл қылмыстардың 90 пайызына жуығында кісі өлтіруге пәрмен бергендер жазаланбайды.  Толық тергеу жүргізілген сирек жағдайларда төмен деңгейдегі “шабақтар” қолға түскен, ал “шортандар” әдетте бостандықта қалады. 

https://prosyn.org/APPOcBHkk