macron4_Mahmoud HjajAnadolu Agency via Getty Images_vaccine Mahmoud Hjaj/Anadolu Agency via Getty Images

Африкаға көмек туралы үндеу

ПАРИЖ – COVID-19 пандемиясы өзімізден жырақта болып жатқан дағдарыстарға «бізге қатысы жоқ мәселе» деп қарамауды үйретті. Әлемнің кез келген нүктесінде болған оқиға жер шарындағы адамның бәріне әсер етуі мүмкін. Сондықтан Африкадағы пандемияның салдарымен күресу өте маңызды.

Әлемнің басқа өңірлерімен салыстырғанда Африкада COVID-19 вирусы жұққан және инфекциядан көз жұмған адамдар саны аз болғанымен, пандемияның құрлыққа әсері ұзақ әрі терең сипатта жүріп, бүкіл жер шарына тұрақсыздық әкелуі мүмкін. Бір жылдың ішінде пандемия ширек ғасырда қол жеткен экономикалық өсімді тоқтатып, өндірістік-жеткізу тізбегін бұзып, теңсіздік пен кедейліктің өсуіне әсер етті.

Бірақ COVID-19 пандемиясын еңсеру мүмкіндігін жоғалту қаупі Африкаға ғана төніп тұрған жоқ. Әлемдік экономика да болашақтағы өсім драйверін жоғалтуы мүмкін.

https://prosyn.org/a9RdvMhkk