21

Трампты қолға үйрету

НЬЮ-ЙОРК – Доналд Трамптың күтпеген жерден АҚШ президенттік сайлауын жеңуімен қатар, бүгінгі күнде, оның мемлекетті басқаруына байланысты келесі сұрақ туындайды - ол өзінің сайлау науқанында жарияланған радикалдық популизмді ме әлде прагматикалық, орталықшыл бағытты таңдар ма екен?

Егер Трамп өзін жеңіске жеткізген сайлау науқанында жариялағандай басқарса, онда біз АҚШ-та және дүниежүзі бойынша нарықтық үрейді ғана емес, сонымен қатар  әлеуетті елеулі экономикалық  зиянның орын алуын да күте аламыз. Бірақ оның мүлдем басқа басқару бағытын таңдайды деп тосуға жақсы бір себеп бар.

Радикалды популист жолын таңдаса, Трамп Транс-Тынық мұхиты серіктестігін (ТТМС) бұзып, Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісімнің (НАФТА) күшін жойып, Қытай импортына жоғары тарифтерді қолданар еді. Сонымен қатар ол өзі уәде берген АҚШ-Мексика шекарасында дауал орнатып; миллиондаған құжатсыз жүрген жұмысшыларды депортациялап; технологиялық секторға қажетті білікті мамандар үшін H1B визасын шектеп; және миллиондаған адамдарды медициналық сақтандырусыз қалдыратын Қолжетімді Күтім Актісін (Obamacare) толықтай жояр еді.

Жалпы, радикалды Трамп айтарлықтай АҚШ бюджет тапшылығын ұлғайтар еді. Ол корпорациялар мен жеке ауқатты тұлғаларға салынатын табыс салығының мөлшерін күрт азайтар еді. Салық базасын кеңейтіп, пайданың пайызы салығын үлкейтіп, және компанияларды шетелдік табыстарын қайтаруға ынталандырса да, оның жоспары мемлекеттің бюджетіне әсерсіз қалмайды. Ол инфрақұрылым тәрізді  салаларда мемлекеттік және әскери сектор шығындарын ұлғайтып, сонымен қатар оның салық қысқартулары он жылда мемлекеттік кірісті 9 триллион АҚШ долларына азайтар еді.