29

Долларға деген құмарлық

ФРАНКФУРТ – Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері, әлемдік ЖІӨ-де АҚШ үлесі шамамен 30% -дан 18% -ға дейін төмендеді. Басқа да озық экономикалар да тұрақты төмендеуді бастан өткізді. Бірақ сіз мұны халықаралық валюта-қаржы жүйесіне қарап біле алмайсыз.

Осы мерзім ішінде, әлемдік ЖІӨ-де Қытайдың үлесі шамамен 16% -ға дейін (АҚШ-тан соң) төрт есе өсті және дамушы нарықтар қазір әлемдік өндірістің 60%-ын құрайды, ал соғыстан кейінгі жылдарда ол 40% болған. Озық экономикалардың өсу перспективалары төмендеп, Қытай және басқа да дамушы нарықтардағы баяулауға қарамастан, бұл үрдіс жалғасын табуы мүмкін.

Бірақ жаһандық қаржы жүйелері озықтан дамушыға қарай осы жылжуды қайталаған жоқ. Соғыстан кейінгі Бреттон-Вуд келісімдері негізгі резервтік валюта ретінде АҚШ долларының рөлін бекітті және 1970 жылға дейін, жаһандық ЖІӨ-нің шамамен үштен екісі осы жасыл банкнотаға байланысты болды. Қалғаны негізінен британдық фунт және кеңестік рубль арасында бөлінді.

Менің жақында Этан Ильзецки және Кеннет Рогоффпен бірлікте жасаған зерттеу бойынша, айтарлықтай маржамен АҚШ доллары әлемдегі резервтік валюта ретінде өзінің үстем жағдайын сақтап қалған. Барлық елдердің 60%-ынан астамы (әлемдік ЖІӨ-нің 70%-дан астамын құрайтын), негізгі валюта ретінде АҚШ долларын пайдаланады. Доллармен шот-фактура жазылған сауда үлесі мен орталық банктердің шетел валюталық резервтерінде бар АҚШ активтерінің үлесінің (атап айтқанда, қазынашылық облигациялар) қатынасын қамтитын басқа метрикалар «доллар үстемдігінің» ұқсас дәрежесін көрсетеді.