Born2_Zhang Peng_LightRocket via Getty Images Zhang Peng/LightRocket via Getty Images

Дезинформация мәселесін қалай шешеміз?

МЕНЛО ПАРК, КАЛИФОРНИЯ – АҚШ-тағы 2016 жылғы қарашада өткен президент сайлауы цифрлық арналардың “фейк” жаңалық таратушылардың қолшоқпары болу мүмкіндігін көрсетіп берді, дегенмен дезинформациямен күрес төңірегіндегі пікірталас та толастай қойған жоқ. Facebook, Google және Twitter басшылары Конгреске келіп, Ресей дереккөздері бұл платформаларды сайлауға ықпал ету мақсатында қалай пайдаланғаны жөніндегі сұрақтарға жауап бергелі де сегіз ай өтті. Мәселені шешуге талпыныс барысында белгілі болғаны – бұл проблеманың жалғыз шешімі жоқ.

Мұнда бір ғана күрделі шешім емес, мәселені түрлі қырынан реттей алатын бірнеше қадам жасау керек болады. Қазіргі ақпараттық экожүйе “Рубик кубигі” іспетті, оның әр шаршысының “мәселесін шешу” үшін бірнеше қозғалыс жасау керек. Ал цифрлық дезинформацияға келсек, кемінде төрт өлшемді назарда ұстау қажет.

Біріншіден, жалған ақпаратты кім бөлісіп отыр? Шетелдік актор таратқан жалған ақпарат ел азаматы таратқан ақпараттан құқықтық әрі нормативтік тұрғыда мүлде өзгеше қарастырылады. Мәселен, АҚШ азаматына сөз бостандығы жөнінен көп құқық берілген, ал шетелдіктердің араласуына қатысты талаптар біршама қатаң.

https://prosyn.org/UbdEoZTkk