Statue of Liberty in the sunset Gary Hershorn/Getty Images

Трампономиканың келешегі күңгірт

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ президенті Дональд Трамптың басшылықта болғанына алты айдан асқанда, біз оның басқаруындағы АҚШ экономикасы және экономикалық саясатының келешегін бағалай аламыз. Ал, Трамптың жалпы төрағалығы сияқты, мұнда да парадокстар жеткілікті.

Негізгі мәселе қаржы нарықтарының көрсеткіштері мен нақты жағдай арасындағы айырмашылыққа байланысты. Қор нарықтары жаңа биіктерге жетуін жалғастырса да, Президент Барак Обаманың төрағалығы кезінде қарағанда экономикалық өсу баяу болып тұр - АҚШ экономикасы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында орташа 2% ғана өсіп, жылдың қалған уақытында әлдеқайда жақсы көрсеткіштер күтіліп отырған жоқ .

Қор нарықтық инвесторлар Трамп өсуді ынталандыру және корпоративтік пайданы арттыруға бағытталған саясатын өткізе алады деп үміттенуде. Сонымен қатар, баяу жалақы өсімі инфляцияның АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің мақсатты деңгейіне жетпегенін көрсетеді, ал бұл ФРЖ-ның күтілгеннен баяу түрде пайыздық мөлшерлемелерді қалпына келтіруі керектігін білдіреді.

https://prosyn.org/kI4SU1jkk