Basu33_FABRICE COFFRINI_GettyImages FABRICE COFFRINI/Getty Images

Сауда, технология және Си Цзиньпин мәселесі

НЬЮ-ЙОРК – 2017 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның ашылу салтанатында Қытай төрағасы Си Цзиньпин Чарльз Диккенстің әйгілі сөзін қайталап, “біздің заман  – ең жақсы да, ең қиын заман” деді. “Қазір біз қайшылықтар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз”, – деп сөзін жалғады Қытай төрағасы. Бір жағынан, “материалдық байлықтың артуы және ғылым мен технологияның алға жылжуы” бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуға жол ашты. Екінші жағынан, “жиілеген аймақтық конфликтілер, терроризм мен босқындар, кедейлік пен жұмыссыздық және табыс деңгейінің арасындағы айырмашылықтың ұлғаюы” сияқты жаһандық сын-қатерлер болашаққа деген сенімді азайтып барады.

“Әлем қандай қателік жіберді?” деп сұрады Си Цзиньпин.

Бәлкім, бұл сұрақтың жауабы Цзиньпин “Қытайды бақуаттылыққа жетелейтін басты нәрсе” деп атаған технологияның өзінде жатқан шығар. Мүмкін біз технологиялық прогресстің маңызды тұсына келіп, оны дұрыс байқамай тұрған болармыз.

https://prosyn.org/ZBWAOnokk