antoninis2_FAROOQ NAEEMAFP via Getty Images_girls school Farooq Naeem/AFP via Getty Images

Неге қыздардың бәрі бірдей мектепке бармайды?

ПАРИЖ – 1995 жылы Пекинде өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференцияда қатысушылар барлық жерде әйелдер мен қыздардың құқығын қорғауға уәде берді. Тарихи Пекин декларациясы мен Іс-әрекеттер платформасында сақталған уәделердің бір бөлігі әлемдегі қыздардың бәріне бірдей білім беруге бағытталған. ЮНЕСКО-ның жақында жарияланған білім беру саласын бақылау жөніндегі бүкіләлемдік есебінде аталған уәденің қаншалықты орындалғаны тексерілген.

Конференциядан бері ширек ғасыр өткенде, 11 қазан халықаралық қыздар күнінен кейін бастауыш және орта мектепке қабылданған қыздар саны 1995 жылмен салыстырғанда 180 миллионға өскені анықталды. Жоғары білім саласында да жақсы жаңалықтар бар: алдыңғы толқынмен салыстырғанда қазіргі ұрпақ арасында университетте оқитын қыздар саны үш есе көп. Мысалы, Мароккода 1990-жылдардың басында 100 ер адамға шаққанда 30 әйел мектепте оқыса, қазір олардың білім алудағы үлесі тең.

Білімге қолжетімділікпен қатар, нәтиже де маңызды. Бұл салада да айқын прогресс байқалады. Табысы орташа және жоғары елдердің жартысына жуығында қыздар математикадан ер балалармен бірдей жақсы нәтиже көрсетеді. Бұл санаттағы елдердің 25 пайызында қыздардың математикадан үлгерімі ұл балалардан жоғары саналады.

https://prosyn.org/dg3oVuLkk