health care Jean-Luc LUYSSEN/Gamma-Rapho/Getty Images

“Баршаға бірдей денсаулық”: Алматы декларациясына 40 жыл

ЖЕНЕВА – Осыдан 40 жыл бұрын әлемнің 134 елінің делегаты сол кезде Совет одағының құрамында болған Қазақстанға жиналып, Алматы декларациясын қабылдаған. Бұл шешуші құжатта әлем елдері халықтың денсаулық сақтауға қолжетімдігін арттыруға келіскен, ал осы үш беттік қағазда бекітілген принциптер қоғамдық денсаулық сақтау саласына әлі күнге үлкен ықпал етіп келеді.

Декларацияның әлі де ықпалды болуының себебі – оның екіжақты қасиетінде. Бір жағынан қолданбалы ғылымға сүйенсе, екінші жағынан ол саяси манифест рөлін атқарған. Оның басты идеялары – денсаулық саласын жоспарлауға қоғамды қатыстыру, заманауи медицинада элитизмді төмендету және денсаулық сақтауда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әлеуметтік теңсіздікті азайту болатын. Декларацияның басты жетістігі – “баршаға бірдей денсаулық” идеясын қалыптастыруы, ал ол “универсалды денсаулық сақтау” ұғымына (UHC) негіз болды. UHC-ге қол жеткізу үшін жүріп жатқан қазіргі күресте бұл доктринаның түп негізі мен эволюциясына көз жүріткен пайдалы болмақ.

1978 жыл мен қазіргі заманның басты айырмашылықтарының бірі – денсаулығы осал адамдар көбейді. Климаттың өзгеруі мен диетаның бұзылуы қауіптің жаңа категорияларын қалыптастырды, ал әлеуметтік теңсіздік пен саяси эксклюзивизм денсаулығына қатер төнуі мүмкін осал топтардың қатарын көбейтті. Мәселен, миграция проблемасын қарап көріңіз: осы бір ғасырлық мәселенің саясилануы қоғамдық денсаулық саласына көп кесірін тигізді.

https://prosyn.org/GyRaTAwkk